Жас буын әдебиетте жақсы көрініп келеді

0
2444

Қазақ әдебиеті қазақ тарихымен ұштасып жатқан ұлт руханиятының алтын діңгегі іспеттес. Халықтың тұрмыс-тіршілігін, өмір сүру дағдысын, мінез-құлқын ақын-жазушылар қалдырған әдеби қазынаға қарап ұғынуға болады. Бұрынғы аңыз-мифтерден бастап, ауыз әдебиеті шығармаларынан, кешегі классиктердің туындыларынан қазақ өміріне, салт-дәстүріне қатысты қаншама құнды мәлімет аламыз. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолын» оқу арқылы ондағы кейіпкерлер диалогынан қазақтың нағыз көркем сөйлеу тілін, тұрмысы мен өмір сүру дағдысы қалай болғанын ұғынамыз. Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен терін» оқу арқылы орыстың отарындағы жұпыны халықтың адам төзгісіз ауыр хәлін түсінеміз. Қазақ өміріне, өткеніне қатысты бұдан да мол мәліметтерді әдебиеттен алуға болады. Бүгінгі дамыған дәуірде де адамзат әдебиетсіз өмір сүре алмайды. «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» демекші, әдебиет ұлтпен бірге ғұмыр кешетін рухани айдын.

ТАРЛАН ТАРИХТЫҢ ТҰҒЫРНАМАСЫ

Кешегі және қазіргі қазақ әдебиеті мен ақын-жазушылары жайында   Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының әлем әдебиеті және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі, Жазушылар одағының басқарма мүшесі Светлана Ананьева өз ойымен бөлісті.

Светлана Ананьева 99 жылдық тарихында қазақтың белгілі қаламгерлері Ілияс Жансүгіров, Ғаббас Тоғжанов, Сәбит Мұқанов, Мұхамеджан Қаратаев, Дихан Әбілев, Әбділда Тәжібаев, Ғабиден Мұстафин, Ғабит Мүсірепов, Әди Шәріпов, Әнуарбек Әлімжанов, Жұбан Молдағалиев, Олжас Сүлейменов, Қалдарбек Найманбаев, Нұрлан Оразалин, Ұлықбек Есдәулет, Мереке Құлкенов – жас таланттардың ұстаханасы ғана емес, кеңестік қатыгез қуғын-сүргін кезінде жоғалған қазақ сөзінің шығармаларын жаңғыртушы бола білгенін айтады. Ал, Жазушылар одағы бүгінге дейін тарих пен мәдениет алдындағы борышын өтеп келеді.

«ҚазақстанЖазушылародағыәлемгеЖазушыларқауымдастығыретіндетанымал болғанына өтеқуаныштымын.Соңғыжылдарытәуелсіздіккезеңіненбастапқазақжазушыларыныңкөркемшығармаларыныңаудармаларыжанданатүсті.БіздіңүлкенОтанымыздыңаумағындатұратынҚазақстанныңбарлықұлттықәдебиеттерінің,этностарыныңөкілдерінің туындысыеуропалықтілдерге,ағылшынтілінеаударылған.ҚазақәдебиетініңантологиясыБҰҰ-ның алтытілінде жарық көрді.БұлЖазушылародағыбасшылығыныңарқасында қол жеткізген үлкенжетістік»,– деп бөлістіСветланаАнаньева.

Ол цензураның болмауы қазақ әдебиеті тарихының шынайы бағалануына ықпал ететінін айтады.

«Біз бұған өзіміз куә болып отырмыз. Баспа саясаты кеңейіп келеді. Мемлекет басшысының тікелей басшылығымен «Қазақстанның Халық жазушысы» атағы қайтарылды, әлемнің көптеген елінің ақындары, жазушылары, прозашылары, публицистері, эссеистері өкілдік ететін халықаралық форумдар өткізіледі. Қазақстан Жазушылар одағы мен жазушылар ұйымы, Халықаралық Қазақ пен-клубы – көптеген қызықты істердің ұйымдастырушылары. Жазушылар одағының алдағы мерейтойы әдеби қызметті жандандырады деп сенемін. Мұның бәрі қазақ сөзін әлемдік әдеби үдерісте кеңінен ұсынуға бағытталатын болады», – деп атап өтті сарапшы.

ТАНЫЛҒАН ТАЛАНТТАР

Светлана Ананьева тәуелсіздік тұсында талай шығармалар қайта жаңғырғанын еске алады.

«Ілияс Жансүгіровтің, мерейтойын тойлап жатқан Сәкен Сейфулиннің, Бейімбет Майлиннің шығармаларын мысалға алсақ, олардың біраз аудармалары жаңғырып, жарық көрді. Жақында мен Николай Титовтың «Таңдаулыларын» қайта оқып шықтым, ол Қазақстанның жазушысы әрі ақыны. Оның қазақ классиктерінен тәржімалаған аудармалары қаншама, айтыстың, қазақ ақындары шығармаларының қаншама аудармасын жасаған. Ұмытылған беттеріміз, ұмытылған есімдеріміз, үнсіз шығармаларымыз болмас үшін осының барлығын қайтарып, әдеби процесте кеңінен көрсету керек», – деп ойлаймын.

«Қазақ романы, қазақ хикаясы да Алаш қайраткерлерінің шығармашылығымен байланысты болғанын жоғарыда анықтадық. Олар тамаша ғалымдар Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов және жас Әуезов басқарған бүкіл ұжым, шын мәнінде, қазақ жазба әдебиетінің көптеген жанрын қалыптастырды және мұның бәрі тек біздің Отанымызда ғана емес, сонымен бірге әлем әдебиетінің контексінде танымал болып, танылуы керек», – дейді әлем әдебиеті кафедрасының меңгерушісі.

Сонымен қатар, ақынның да, прозаиктердің де жас буыны әдебиетте жақсы көрініп келе жатқанын айтады ол.

«Біз олардың шығармаларын мақтан тұтамыз және мынадай қызық үрдіс бар: өздерін әдебиеттанушы, әдеби процесті зерттеуші ретінде танытқан жас әдебиеттанушылар өте жақсы ақын, прозашы болып қалыптасуда. Мысалы, жазушы  Әлібек Байбол, оның шығармалары Ресейде хрестоматияларда жарық көрген. Сондай-ақ, біздің бұрынғы аспирантымыз Саят Қамшыгер, қазір ол ТМД елдерінің және шетелдердің көптеген тіліне өте жақсы аударылған. Мен былтыр Минскіде болдым, ол белорус тілінде өлеңдер шығарды. Ол қырғыз, татар, башқұрт тілдеріне жақсы аударылған, шығармасы якут тілінде танымал. Яғни, міне, осындай жас, талантты буын өзін өте жарқын әрі ерекше етіп көрсетті. Ал біз, әрине, олардан жаңа қызықты өнер туындыларын күтеміз», – деп үміт білдірді Светлана Ананьева.

«КӘСІБИ АУДАРМАШЫЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ КЕРЕК»

Қазақ әдебиетін әлемге танытуға әдебиеттану ғылымы мен жас ғалымдар үлкен рөл атқаратынын айтады сарапшы. Сондай-ақ, ол кәсіби жас әдебиеттанушы ғалымдар жөнінде де ой қозғады.

«Біріншіден, бұл біздің институттың өкілдері – Нұрбол Құдайберген, Айнұр Ахметова, Шолпан Өмірбаева. Олар өте дарынды, өте қабілетті. Ең бастысы, олар қазақ әдебиетінде қол жеткізген жетістіктерді баса көрсете отырып, салыстыру мен салғастыруды біледі», – деп түсіндірді сарапшы.

Ол қазіргі әдебиетте кадр тапшылығы барын жасырмады.

«Біз XX ғасырдағыдай орыс тілінің делдалдығымен емес, қазақ тілінен Еуропа тілдеріне тікелей аударма жасау үшін аудармашылардың тапшылығын айтып отырмыз. Мұндай мысалдар бізде де бар. Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің алғашқы шығармаларын Саймон Холлингсворт пен Саймон Геген ағылшын тіліне тамаша аударды делік. Тағы да мұнда оларға, әрине, орыс тілінен аралық аудармалар көмектесті. Бірақ, жаңа аудармалар болады деп үміттенеміз. Зейнолла Қабдоловтың «Менің Әуезовім» романдарын алайық. Мұнда екі жыл бұрын ТҮРІКСОЙ арқылы түрік тіліне тамаша аударылып, басылып шықты. Көркем аударма институтын жаңғырту керек, біз оны үнемі айтып жүрміз. Біреу өз ана тілінде де, еуропалық немесе шығыс тілдерінде де сөйлейтін кәсіби аудармашыларды дайындауы керек. Онсыз қазақ сөзінің сан алуандығын, сан бояуын жеткізу өте қиын», – деді Жазушылар одағының басқарма мүшесі.

Ол классиктердің де, қазіргі ақын-прозаиктердің де көркем туындылары әлем халықтарының тілдерінде жарық көргенін мақтан етті.

«Біздің институт Колумбия университетімен бірлесіп екі антология шығарды. Біріншісі – «Ұлы дала ертегілері», екіншісі – «Дала түні, жазғы кеш, алтын бидай елі». Америка Құрама Штаттарында тұратын Сергей Левшин мен Илья Берштейн ағылшын тіліне аударма жасады», – деп түйіндеді Светлана Ананьева.

ТОБЫҚТАЙ ТҮЙІН

Соңғы уақытта Мемлекет тарапынан әдебиетке ерекше көңіл бөлініп келеді. Қазақ сөз өнерін дамытып, әлемге таныту үшін түрлі әдеби сайыстар да жиі өткізіліп жүр. Кей сайыстардан түсетін жүлде қоры да қомақты. Бұның бәрі қазақ әдебиеті мен әдебиетшілерін қолдаудың жарқын мысалы. Енді тек ақын-жазушылардың шабыттанып, дүниеге ғажап шығармалар әкелуі ғана қалды.

Нұрлайым ЖАҚЫПҚЫЗЫ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here