Дала мәдениеті – көшпенділер дәстүрінің негізі

0
1810

Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ең ауқымды көрме өтіп жатыр. 18 шілде күні Қазақстанның АӨК-дегі ең ауқымды және көптен күткен іс-шаралардың бірі – «Jańa Dala / Green Day 2024» мамандандырылған халықаралық көрмесі-демонстрациясы басталады. Дәстүрлі «Дала күні» форматында өтіп жатқан көрме іс-шарасында туризм және спорт бағыттары да тыс қалмады. Іс-шараның ресми бөліміне Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қатысты.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу Дирекциясының Баспасөз қызметінің жазуынша, дала мәдениеті көшпенділер дәстүрінің негізі екенін біледі. Осындай месседжді 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары да қолдады. Өз кезегінде, ойындарға жауапты Дирекция «Jańa Dala / Green Day 2024» аясында агрофорумда экспозициялық көрме ұйымдастырды. Ұйымдастырушылардың арнайы шақыртуымен Наиль Нуров басшылық ететін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекция мамандары екі күндік форумда агроөнеркәсіп кешені мамандарын Ойындармен таныстырып, жылдың маңызды бәсекесінде бірге болуға шақырды.

Іс-шара Ақмола облысының Ақкөл ауданында, Еңбек ауылында, өңірдің ең технологиялық жабдықталған шаруашылықтарының бірі – «Еңбек» ЖШС демонстрациялық алаңдарында өтеді.

Айта кетерлігі, алқап күні форматындағы дәстүрлі агрофорум 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Республикадағы қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы технологияларының, жоғары өнімді техниканың, сондай-ақ аграрлық өндіріс пен агротуризм саласындағы инновациялық әзірлемелердің ең ірі демонстрациялық алаңы болып табылады.

Еске сала кетейік, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында этникалық спорт түрлерінен өткізілетін халықаралық спорт жарыстары – 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам қатысушы қатысады деп жоспарланудаАстанадда өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Қали ҚАМБАРОВ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here