ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі жұмыс сапарымен Ақмола облысы Ивановка ауылына барып, су тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындарға салынып жатқан үйлер құрылысының барысын тексерді.
Жалпы облыстың 4 ауданында су тасқынынан зардап шеккен 331 тұрғынға тұрғын үй салу жоспарланған.
Иванковка ауылында 41 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, олардың 20-сы екі пәтерлі және 1 үй – бір пәтерлі. Құрылыс жүргізіп отырған мердігер – «Saianur vip service» ЖШС.
«Бүгінгі күні 8 үйдің қабырғасын қалау жұмыстары аяқталды, 22 үйдің қабырғасын қалау жұмыстары жалғасуда, 10 үйдің іргетасы құйылды, 1 үйдің іргетасын құюға дайындалды. Учаскеде 8 арнайы техника және 87 жұмысшы (оның ішінде қосымша 30 адам) жұмыс істейді. Облыс қажетті қарқын алуы керек. Мақсат – сапалы, қауіпсіз және жайлы баспанамен қамтамасыз ету. Барлық құрылыс нысандарында бақылауды күшейту. Өңірде баспана кезегінде тұрып, уақытша жерлерде тұрып жатқан отбасылар саны көп, – деді Қанат Шарлапаев.