Министрлік уақыт белдеуіне қатысты петиция бойынша шешімін жариялады

0
185

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев «Уақытты кері қайтару» петициясы бойынша шешімді жариялады.

Жұмыс тобы ұсынған барлық деректер мен дәлелдемелерді, ғылыми зерттеулер мен ұсынымдарды зерделей отырып, Қазақстан Республикасының бірқатар өңірлерін бір сағатқа кері ауыстыру табиғи күн циклдеріне сәйкес келетіні және ғылыми зерттеулер мен ұсынымдарға негізделгені расталды.

UTC + 5 уақыт белдеуі Қазақстан Республикасы аумағының көп бөлігінде табиғи циклге барынша жақын стандартты уақыт белдеуі болып табылады. Стандартты  уақыт белдеуінің  оң әсері туралы негізделген халықаралық ғылыми зерттеулерді және уақыттың ауысуы халықтың денсаулығына кері әсер еткенін  растайтын деректердің болмауы негізінде Сауда және интеграция министрлігі петицияны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар, жұмыс тобына қатысушыларының дәлелдерін назарға ала отырып, тиісті талдаулар мен қосымша зерттеулер жүргізу қажеттілігі айтылды.

Денсаулық сақтау, білім және ғылым министрліктеріне UTC + 5 уақыт белдеуінің алдағы үш жылда халықтың денсаулығына қалай әсер ететіне зерттеу жүргізу  ұсынылды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here