130 баланың амандығы үшін жан берген полицей

0
2051

«Qazaqstan» ұлттық арнасында тұсауы кесілген «Жақсылық жаса» бағдарламасының алғашқы кейіпкері – марқұм Қайрат Жұмабековке арналды.  Ол осыдан 16 жыл бұрын Астанадан Қарағандыға қайтып келе жатып, жол көлік апатына түсе жаздаған 3 автобус толы баланы аман алып қалып, өз жанын қиған полиция қызметкері еді.

2008 жылдың 20-сыншы мамыры болған оқиға көптің есінде. Елордаға экскурсияға балаларды апарып Қарағандыға қайтып келе жатқан 3 автобуспен бірге патрульдік машина келе жатады. Кенет жеңіл көлікке соқтығысқан КАМАЗ балаларға қарай бағыт алады. Қызметтік көліктегі сержант Қайрат Жұмабеков қас-қағым сәтте полиция машинасын ауыр көлікке бұрып, соққыны өзіне алып автобустағы оқушыларды қорғап қалған. Ауыр соққыдан Қайрат Жұмабеков оқиға орнында қаза тауып, қасындағы серігі Дмитрий Пугач аман қалған болатын.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here