Белсенділер өнер туындыларына неге сорпа шашады?

0
217

27 қыркүйекте «Just Stop Oil» («Мұнайды тоқтатыңыз») қозғалысының мүшелері Ұлыбритания астанасы Лондондағы ХІХ ғасырдағы нидерланд суретшісі Винсент ван Гогтың екі картинасына сорпа шашты. Бұл оқыс оқиға тағы екі белсенді 2022 жылғы әрекеті үшін түрмеге жабылғаннан бірнеше сағат өткен соң болды.

Атап айтқанда, 27 қыркүйек күні Астана уақытымен 18:30 шамасында «Just Stop Oil» қозғалысының үш белсендісі Лондонның орталығындағы Ұлттық галереядағы «Ақындар мен ғашықтар» көрмесінде «Күнбағыс» топтамасындағы 1888, 1889 жылдардағы екі картинаға сорпа шашып жіберді. Галереяда сарапшылар картиналарды зерттеп, олар ешқандай зиян келтірмегенін айтады. Дегенмен, үш белсенді қамауға алынды.

Айта кетейік, жұма күні 23 жастағы Фиби Пламмер мен 22 жастағы Анна Холланд 2022 жылдың қазан айында 1888 жылы салынған «Күнбағыс» картинасына сорпа шашқаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды. Осылайша, «Just Stop Oil» қозғалысының өкілдері әлемнің назарын экологияға аудартпақ ниетте.

Жанар ДӘУЛЕТҚЫЗЫ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here