Бұл жерлер Жер кодексінің 132, 133-баптарына сәйкес су қорының жері болып танылады

0
898

Қала прокуратурасы жер телімдерін беру заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру шеңберінде Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 17.06.2004 жылғы «Международная ассоциация клубов» ЖШС-ның жеке меншігіне жалпы ауданы 884,9 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер берілгені анықталды. 2015 жылы жоғарыда аталған учаскесі бөлінетін болып танылды, жердің жалпы алаңы 820 гектарға дейін азайтылды.

Учаскенің аумағынан «Кереңқұлақ» өзені мен «Беркара» бұлағы ағып өтеді. Бұл жерлер Жер кодексінің 132, 133-баптарына сәйкес (Қарасай ауданы әкімдігінің қаулысы шығарылған кезде қолданыста болған) су қорының жері болып танылады және тек мемлекет меншігінде болады.

Мұндай жер учаскелерi су қоры жерiнiң құрамынан су ресурстарын басқару саласындағы уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша уақытша жер пайдалануға ғана берiлуi мүмкiн.

«Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 22-бабына сәйкес прокуратура органдары Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын қоғамның немесе мемлекеттің мүдделерін қорғау үшін талап-арызбен (арызбен) сотқа жүгінуге құқылы.

07.10.2024 ж. прокуратура Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жерге құқық беретін құжаттарды жарамсыз деп тану туралы талап-арыз берді.

Соттың қарау нәтижелері бойынша құқықтық баға беріліп, тиісті шешім қабылданатын болады.

Алматы қаласының прокуратурасы

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here