Болашақ педагогтер Талдықорған мектептерінде өндірістік тәжірибелерін бастады

0
318

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 4-курс студенттері Талдықорған қаласының Жетісу облысы Білім басқармасына қарасты тоғыз білім беру ұйымдарында өндірістік тәжірибелерін бастады. Абай университетінің бұл бастамасы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетімен және Жетісу облысының Білім басқармасымен жасалған ынтымақтастық аясында аталған екі мекеменің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – өңірлердегі білікті педагог кадрлар тапшылығының өзекті мәселесін шешу, сондай-ақ оқу орындары арасында тәжірибе алмасуға жағдай жасау.

Абай университетінің 4-курс студенттері үшін 2024 жылдың 4 қарашасынан 2025 жылдың 17 мамырына дейін өндірістік практика жоспарланған. Осы кезең аралығында университеттің 19 студенті Талдықорған қаласының тоғыз мектебінде тәжірибеден өтеді. Студенттерді баспанамен қамтамасыз ету үшін Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жатақханасында тегін орындар қарастырылғанын атап өткен жөн.

Студенттер тәжірибеден өту барысында өздерінің теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана отырып, педагогикалық шеберліктерін дамытады және оқу үрдісіне белсенді қатыса алады. Бұл оларға құнды практикалық тәжірибе жинақтап қана қоймай, сонымен қатар болашақ кәсіби қызметі үшін маңызды педагогикалық дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік береді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here