Нұртөре Жүсіп IV халықаралық медиафорумға қатысты

0
1998

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп түркітілдес журналистика қоры ұйымдастырған IV халықаралық медиафорумға қатысты. «TURKTIME: медиа мен туризмнің бірлігі» тақырыбы бойынша өткен форум туризмді дамытудағы медианың рөлі және елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды талқылауға арналған маңызды алаң болды.

Депутат шара барысында Қазақстандағы сөз бостандығын қорғау және журналистердің жұмыс жағдайын жақсарту жөніндегі медиа саласындағы реформалар туралы айтты. Ол бұқаралық ақпарат құралдары туралы қабылданған заңның журналистердің құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдірудегі және ақпараттық тәуелсіздікті нығайтудағы маңызын атап өтті.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдеріне зор құрметпен қарайды. Журналистер мемлекеттік саясатты түсіндіруде және ұлттық мүддені ілгерілетуде маңызды рөл атқарып келеді. Журналистердің құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру, ақпараттық тәуелсіздікті нығайту және қазақстандық БАҚ-тың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуды көздейтін бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңның қабылдануы осындай қолдаудың маңызды қадамдарының бірі болды», – деді Нұртөре Жүсіп.

Форумда сондай-ақ креативті индустрияны дамыту, жас журналистер мен блогерлерді қолдау, сондай-ақ қазақ тілінде ауқымды мазмұн жасау арқылы қазақ тілін насихаттау мәселелері талқыланды.

ҚР Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here