Еліміз швейцариялық вагондардың біреуін 1,18 млрд теңгеден сатып алмақ

0
32

Қазақстан швейцариялық плацкарт вагондардың біреуін 1,18 млрд теңгеден сатып алатыны жөнінде Мәжілістегі елдің көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға арналған Үкімет сағатында депутат Нұртай Сабильянов айтты.

«Бүгінгі күні жолаушы вагондарының паркіне байланысты үлкен мәселе бар. Қазір 2 667 бірлік вагон бар екен. Оның ішінде: 1 012 бірлік, яғни вагондардың 39 пайызы 28 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келе жатқан ескі. Өздеріңіз білетіндей, 2012-2022 жылдар аралығында «Тальго» шығарған 676 жолаушы вагоны сатып алынды. Оның бағасы 350 млн теңгеден 650 млн теңге аралығында болды. Қазір бұл зауыт жабылды», – деді Мәжіліс депутаты.

Нұртай Салихұлының атап өтуінше, содан кейін «ЗИКСТО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 2023-2024 жылдары 750 млн теңгеден 850 млн теңгеге дейінгі бағамен 150 бірлік жолаушы вагоны сатып алынды.

«Қазіргі уақытта «Штадлер Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі швейцариялық компаниясымен 557 вагон сатып алу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Плацкарт вагон бірлігінің бағасы – 1,18 млрд теңге. Вагондар мәселесін халық жиі көтереді. Санитариялық жағдайы жоқ. Сондықтан ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды жаңа жайлы вагондармен қамтамасыз етуге тиіс», – деді Нұртай Сабильянов.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here