Қазақстанның жоғары оқу орындарында экологиялық бастамалар іске асырылады

0
646

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да физика-техникалық факультетінің ұйымдастыруымен «Жоғары оқу орындарында экологиялық бастамаларды іске асыру: табысты тәжірибе және даму» атты конференция өтті.

Жоғары білім беру ұйымдары үшін «Климатқа көзқарас» атты халықаралық жоба аясында басталған конференция «Қарағаш» тұрақты даму шешімдерін қолдау қоғамдық қоры, «ЭКА» өңіраралық экологиялық қоғамдық ұйымы және «Еуразия» АКҰ қолдауымен жүзеге асты.

Шараның мақсаты – Қазақстанның жоғары оқу орындарында жүйелі экологиялық ағарту қызметін ұйымдастыру.

Жиынның күн тәртібіндегі тақырып экожүйеге арналды. Сарапшылар, аталған тақырыпқа қызығушылық танытқан оқытушылар мен студенттер, сондай-ақ «ЭКА» өңіраралық экологиялық қоғамдық ұйымының ресейлік өкілдері конференцияда баяндама жасады.

Конференцияға ҚазҰУ басшылығы, білікті ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және студент жастар қатысты. Жиында «ЭРА» жастар бастамаларын қолдау қорының атқарушы директоры, «ЭКА» қозғалысының директоры Е.С.Горохова, «Қарағаш» қоғамдық қорының басшысы, Астана халықаралық университетінің аға оқытушысы А.Қарабалаева, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Педагогика кафедрасының профессоры Г.Длимбетова, SDU University Жаратылыстану ғылымдары педагогикасы кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор, PhD Ж.Әбілбек сынды мамандар сөз сөйлеп, экобастамаларды дамытуға қатысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Жиынға қатысушылар жоғары оқу орындарының экоағарту және экологияландыру саласындағы тәжірибелерімен алмасып, ортақ мақсаттарды саралады. Шара аясында белсенді жоғары оқу орындарының «Жасыл» жоғары оқу орындарының халықаралық қауымдастығына кіруі туралы меморандумға қол қойылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here