Қазақстанның Ұлттық қорына 80 млн доллар қайтарылғаны жөнінде Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтып берді.
«Менің ойымша, бұл жағдай кейінгі күндері жарияланған жағымды жаңалықтардың бірі. Өздеріңіз білетіндей, бұл активтер біраз уақыт бұрын бұғатталған еді, яғни 10 жыл бұрын болды. Ұлттық қордың 80 миллион долларға тарта қаражатына тыйым салынды. Тиісті реттеу іс-шараларының аясында, Үкімет пен Ұлттық банктің ауқымды жұмысының нәтижесінде Ұлттық қордың активтері қайтарылды. Бұл тұрғыда 80 млн доллар Қазақстанның Ұлттық қоры иелігіне қайтарылды», – деп нақтылады Тимур Мұратұлы.