Юн Доң Жу (30.12.1917 – 16.02.1945) – корей «қарсылық әдебиетінің» жарқын өкілі. 27 жылдық саналы ғұмырында ақын өз елінің тәуелсіз болуын тіледі. Құлдықта қалған халқының ғылым-білімге құштарлығын оятуға талпынды. Рухты жырлар жазды. Жапон отаршылдарының оны түрмеде азаптап өлтіруінің басты себебі де – оның елін сүюі еді.
Төбе үстімен жүріп келем… үш қайыршы бала өтті қасымнан.
Иығында себеті бар балалардың біреуі, себетті ашып қарады… бөтелке мен қаңылтыр, сынық темір, жалқы шұлық, одан басқа көп қоқыстың қалдығы.
Екіншісі – қайталады дәл соны.
Үшіншісі – қайталады дәл соны.
Жалбыраған шаштары, кір қожалақ өздері, жасқа толы қанталаған үшеуінің көздері, өңі қашқан еріндер, тоз-тоз болған киімдер, жырым-жырым табандар.
Балаларға кедейліктің не істегенін қараңдар?!
Мүсіркеуден бір сәтте жібіп салды жан дүнием.
Мен қалтамды ақтардым. Қалыңырақ әмиян, орамал мен сағатым… бары осылар.
Ойланбастан беруге жетпей қалды батылым.
Қолым ғана сезді олардың барлығын.
Сыр шертісіп сөйлеспек боп, «балалар» деп шақырдым.
Біріншісі қызыл ала көздерімен айналаға алақ-жұлақ қарады.
Екіншісі – ол да солай жасады.
Үшіншісі – ол да солай жасады.
Құдды сенің бар-жоғың да бәрібір, жол бойымен өзді-өздері сыбырласып барады.
Төбе үстінде тірі пенде жоқ енді.
Айналаны ымырт жайлап алады.
1939.9 ай
Аударған: Шайхығали Талғат
* И.С.Тургеневтің «Қайыршы» (Нищий) өлеңінің әсерімен жазылған. Тургеневтің шығармасында кейіпкер қайыршы шалға бірдеңе бергісі-ақ келеді, бірақ қалтасында ештеңе жоқ. Ал Юн Доң Жудың кейіпкерінің қалтасында беруге болатын дүние бар, бірақ бере алмайды, іштей бір өзінің бойындағы «үлкен ұят сезімі» ұстап, өзін-өзі тежеп қалады.
윤동주 – 투르게네프의 언덕
나는 고개길을 넘고 있었다…… 그때 세 소년 거지가 나를 지나쳤다.
첫째 아이는 잔등에 바구니를 둘러메고, 바구니 속에는 사이다병, 간즈매통, 쇳조각, 헌 양말짝 등 폐물이 가득하였다.
둘째 아이도 그러하였다.
셋째 아이도 그러하였다.
텁수룩한 머리털, 시커먼 얼굴에 눈물 고인 충혈된 눈, 색 잃어 푸르스름한 입술, 너덜너덜한 남루, 찢겨진 맨발,
아 – 얼마나 무서운 가난이 이 어린 소년들을 삼키었느냐!
나는 측은한 마음이 움직이었다.
나는 호주머니를 뒤지었다. 두툼한 지갑, 시계, 손수건…… 있을 것은 죄다 있었다.
그러나 무턱대고 이것들을 내줄 용기는 없었다. 손으로 만지작만지작거릴 뿐이었다.
다정스레 이야기나 하리라 하고 «얘들아» 불러보았다.
첫째 아이가 충혈된 눈으로 흘끔 돌아다볼 뿐이었다.
둘째 아이도 그러할 뿐이었다.
셋째 아이도 그러할 뿐이었다.
그리고는 너는 상관없다는 듯이 자기네끼리 소근소근 이야기하면서 고개를 넘어갔다.
언덕 위에는 아무도 없었다.
짙어가는 황혼이 밀려들 뿐-
1939.09