Айгүл Қапбарова: Бағыт-бағдарын айқындаған бағдарламалық сұхбат

0
928

Сенат депутаты Айгүл Қапбарова Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатына орай Facebook әлеуметтік желісінде өз ойларын ортаға салды. Онда былай делінген:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылды «Ana tili» газетіне берген сұхбатында қорытындылады.

Қоғамда көп талқыланған тақырыптарға байланысты ой бөлісіпті.

Биыл атқарар жұмыстың бағыт-бағдарын айқындаған бағдарламалық сұхбат болыпты.

Биылғы сұхбаттың ерекшелігі – әлеуметтік сипаттағы өзекті мәселелер ашық талқыланыпты.
Мұндай форматта ашық диалог болу керек деп есептеймін. Мемлекеттік саясаттың бағытына нақты түсінік беру сенімді нығайтады.

Президент сұхбатта Үкімет қызметі мен оның ел міндеттерін тиімді шешу қабілеті жеке бақылауында екенін баса айтты. Ал Үкімет жұмысының тиімділігі тек цифрлармен емес, халқымыздың өміріндегі оң өзгерістермен өлшенуі тиіс екенін атап өтті.

Доллардың шарықтап кетуі елді алаңдатады. Бұған түрлі құбылмалы сыртқы факторлар әсер етіп жатқанын түсіндірді. Валюта бағамын қолдан ұстап тұру тәжірибесінен бас тартқанбыз. Ол тиімсіз. Бірақ бұл бағытта теңге бағамын басқарудың қолайлы тәсілдері мұқият қарастырылып жатқаны да айтылды.

Қазақстанда ірі инфрақұрылымдық даму жүйесі іске асуда. 200-ден аса ірі жобаны қамтитын ауқымды Ұлттық инфрақұрылым жоспары бекітілді.

Әлеуметтік саясат бойынша ең маңызды қадамдарға тоқталған. Мемлекеттік жәремақыларды индекстеу арқылы әлеуметтік төлемдерді арттыру жүзеге асуда.

Биыл білім беру саласында айтарлықтай серпіліс күтілуде. 217 жаңа жайлы мектеп құрылысы жоспарланды.

Цифрландыру көрсеткіші бойынша Қазақстан әлемдік жетекші орынды сақтап қалу үшін әрі қарай саланы дамыта бермек.

“Alem. Al” халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылады.

Президент сонымен қатар өткен жылы қабылданған заңдарға оның еліміздің құқықтық жүйесін нығайтудағы рөліне де ерекше тоқталған.

Мемлекет басшысы сұхбат барысында халықаралық саясаттағы негізгі жетістіктер туралы сұрақтарға жауап берген.

Орта державалардың әлемдік саяси сахнадағы маңызды рөлі туралы ой бөліскен.

Өзекті деген бірқатар мәселені ашық талқылаған мұндай форматтағы ауқымды сұхбат елге терең ой салады деп ойлаймын.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here