Сенат депутаты Геннадий Шиповских Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатына орай Instagram әлеуметтік желілерінде өз ойларын ортаға салды. Онда былай делінген:
Мемлекет басшысы «Ana tili» газетіне берген сұхбатыңда көптеген өзекті мәселелерді көтерді. Соның ішінде Парламенттің заңнамалық жұмысына да тоқталды.
2024 жылы қабылданған заңдардың жемісін берері сөзсіз. Мәселен, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес, азаматтардың қарыз жүктемесін азайту, вейпингке тыйым салу арқылы жастардың денсаулығын сақтау, сондай-ақ есірткі бизнесі мен ойынға тәуелділікпен күресу секілді өмірдің негізгі салаларына әсер етеді.
Маңызды реформалардың бірі 2025 жылдан бастап азаматтардың сот жүйесінің барлық деңгейінде сот төрелігіне нақты қолжетімділігін қамтамасыз ететін мамандандырылған кассациялық соттарды енгізу болмақ. Қоғамдық белсенділер мен сарапшылардың белсенді қатысуымен әзірленген бұл заңнамалық бастамалар мемлекеттің қоғамның қажеттіліктерін толықтай есепке алуға деген ұмтылысын айқын көрсетеді.
Мемлекет басшысы атап өткендей, заңдар әрбір азаматқа нақты және көзге көрінетін пайда әкелуі маңызды.