«Алғашқы» атты кітаптың тұсаукесері өтті

2
2781

9 қаңтар күні Әбділда Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Нұрлыбек Мыңжастың «Алғашқы» кітабының таныстырылымы өтті. Жинақ – «Сыр саңлақтары» сериясымен жарық көрген бірінші кітап. Жалпы, «Сыр саңлақтары» сериясының мақсаты – облыстың жан-жақты дамуына елеулі үлесін қосып жүрген, елі қадірлейтін, жастарға үлгі бола алатын, биік парасат иелерін таныстырып, олардың халыққа жасаған қамқорлығын кеңінен насихаттау.

Кітап мұнай өндірісінің білікті инженері, майталманы Ғалым Баймановтың еңбек жолына арналған. Геология мен мұнай өндіру саласына еңбек сіңірген Ғалым Дүйсенбайұлы Сыр мұнайын игерушілердің алғашқы легінде болған. Өндірістің өркен жаюына сүбелі үлес қосқан.

«Алғашқы» кітабы 2024 жылы Алматы қаласындағы «Service Press» баспаханасында 300 данамен жарық көрген. Барша оқырман қауымға арналған.

Кітап таныстырылымына мемлекет және қоғам қайраткерлері Нажмадин Мұсабаев, Шәкизат Төребаев, философия ғылымдарының докторы Баймырза Қожамберліұлы, медицина ғылымдарының докторы Марат Абдуллаев, «Қор» компаниясының директоры Дәулет Дәукенұлы, мұнай саласының, мұнай және газ саласы бойынша білім беретін оқу орындарының басшылары, баспасөз өкілдері және кітапхана оқырмандары қатысты.

Қолғанат ҚЫСТАУБАЕВ,
Ә. Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері

2 Пікір

  1. Жұмыссызбын мамандығым ағылшын тілінен мұғалім бірақ еш жерде сағат жоқ жұмысымда жоқ үш балам бар

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here