Елімізде туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ алуға болады

0
82

Әділет министрлігі 2025 жылы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп Kaspi Bank постаматтары арқылы азаматтарға туу туралы куәлікті жеткізу бойынша пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

«АХАТ органдары берген электрон құжаттар бойынша – туу, қайтыс болу, неке қию және некені бұзу туралы куәліктер мен анықтамалар бойынша электрондық апостильді қолдануды дамыту жоспарланып жатыр. Жаңа өзгерістер азаматтарға аталған құжаттарды алуға және оларға бір өтініш шеңберінде апостиль қоюға мүмкіндік береді. Бұл қызметке 2025 жылдың төртінші тоқсанында қол жеткізілетін болады», – делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, заң көмегін көрсету саласында Әділет министрлігі 2025 жылы Атқарушылық жазба жасау жөніндегі пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отыр, ол «Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе» ақпараттық жүйесіне талаптардың даусыз екендігі және борышты тану, борышкердің жеке кабинеті арқылы қарсылық беру туралы растайтын құжаттарды салуды, сонымен қатар нотариустың борышкердің (жеке немесе заңды тұлға) тіркелген жері бойынша ғана атқарушылық жазба жасауын көздейді.

«Бұл бастамалар мемлекеттік қызметтерді цифрландыру деңгейін арттыруға, бюрократиялық рәсімдерді қысқартуға және азаматтарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған», – делінген хабарламада.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here