Abai University: «Қысқы мектеп-2025» қорытындыланды

0
758

Абай атындағы ҚазҰПУ «Қысқы мектеп-2025» семинары үш бағытта өтті. Әуелгі секция «Әкімшілік қызметтегі инновациялық стратегиялар және көшбасшылық» тақырыбын қамтыды. Оған Абай университетінің әкімшілік қызметкерлері, факультет декандары мен орынбасарлары, кафедра меңгерушілері қатысты.

Қысқы мектеп аясында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілер, жоғары білім берудегі жаңа трендттер, міндеттер мен мүмкіндіктер туралы сөз етілді. Университет қызметкерлерінің 2025 жылы еңбекақы қорына түсетін салық және әлеуметтік жүктемелеріндегі жаңартулар, мөлшерлемелер және есептеу ерекшеліктері баяндалды. Іссапар шығындары туралы жаңа ережелер мен оқу процесін Abai Digital жүйесіне ауыстыру жайы түсіндірілді. «360 градус әдісі: кешенді бағалау арқылы мұғалімнің дамуы» тақырыбында тренинг өткізілді.  Халықаралық университет рейтингтерінің мәні, әдістемесі және мүмкіндіктері де назардан тыс қалмады.

«Заман өзгерістерінің контекстіндегі педагогикалық шеберлік» секциясы профессор-оқытушылық құрамына арналды. Секция тақырыптары барынша университеттердегі оқытудың жаңашыл тенденцияларына бейімделді. Мәселен, оқу процесін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ұйымдастырудың өзекті мәселелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, «Coursera» білім беру платформасында MOOК әзірлеу. Жасанды интеллект бойынша университетаралық стандарт, жасанды интеллектіні оқу құралы ретінде пайдалану жайы да талқыланды.

«Биылғы «Қысқы мектеп-2025» шарасының ерекшелігі – «Педагогикалық мансаптағы алғашқы қадамдар: қиындықтар, мүмкіндіктер және табыс» тақырыбында эдвайзерлер мен үш жыл өтіліне жетпеген жас оқытушыларға арналған секциясында болды. Себебі, эдвайзерлердің теориялық және практикалық дайындығын пысықтауда мұндай семинарлар аса қажет», – дейді университеттің Академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова.

Секция мақсаты – жас әріптестерді педагогикалық іс-әрекетке баулу. Жас мамандармен «Педагогикалық миссия: тәлімгерлік білім», «Академиялық адалдық» кодексінің негізгі қағидалары және білім беру үдерісі туралы студенттердің жиі қойылатын сұрақтары талқылады. Дәрістер мен семинарлар шеберлік сағаттарымен өткізілді.

«Қысқы мектеп» шарасына жалпы 300-ге тарта университет мамандары қатысты. Семинарда белсенді қатысқан факультеттердің профессорлық-оқытушылық құрамы мен эдвайзерлерге арнайы сертификаттар табыс етіледі.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here