2025 жылға арналған Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінің ішкі қоры есебінен жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға гранттық қаржыландыру байқауының қорытындысы жарияланды. Бұл байқау университетіміз ғылыми зерттеулерді қолдауға, білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және академиялық беделді нығайтуға бағытталған байқауы аясында болды.
Аталған байқауда ТО аға оқытушысы, MA in Policy Studies in Education (UCL), жоба жетекшісі Әбділдә Шолпан бастаған топтың ұсынған ғылыми жобасы жеңімпаз атанды. Комиссия мүшелері байқаудың барлық қатысушыларына байқауға белсенді қатысқаны, креативті идеялары мен инновацияларға ұмтылыстары үшін алғыс білдіреді!