Президенттер отбасылық құндылықтарды жоғары бағалай ма?

0
61

Маған Дональд Трамптың инаугурациясында Билл Клинтон, Джордж Буш, Барак Обама және Джо Байденнің жұбайларымен бірге қатысуы қатты ұнады. Бұл көріністен отбасылық құндылықтарды жоғары бағалауды және ел бірлігінің үлгісін көруге болады.

Қарап отырсам, экс-президенттердің отбасы болғандарына және сол жалғыз әйелдерімен тұрып жатқандарына біраз уақыт өтіпті. Мысалы: Билл Клинтон (жұбайы Хиллари Клинтон) – 50 жылға жуық бірге. Джордж Буш (жұбайы Лора Буш) – 48 жыл бірге. Барак Обама (жұбайы Мишель Обама) – 33 жыл бірге. Джо Байден (жұбайы Джилл Байден) – 48 жыл бірге. Ал Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған да жұбайы Эмине Ердоғанмен (47 жылдан бері бірге) ресми сапарлар мен халықаралық кездесулерде әрдайым қатар жүреді.

Егер ер азаматтың отбасында тұрақтылық, ата-анасына, әйеліне және балаларына құрмет пен сыйластық болса, онда оған кез келген қызметті сеніммен тапсыруға болады деп ойлаймын. Себебі, отбасына құрметі бар адамнан жаман нәрсе күтуге болмайды.

Шынар Құрманғали,
Facebook парақшасынан алынды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here