Ағымдағы жылдың 4 ақпаны күні ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің Жалпы жиналысының отырысы өтті. Жалпы жиналыста жұмыс жоспары мен ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының 2035 жылға дейінгі стратегиясын іске асыру, академиялық құрылымның қызметін қамтамасыз ету талқыланды.
Талқылау барысында ғылым бөлімшелерін жаңа құрамда қалыптастыру туралы шешім қабылданды, сондай-ақ бөлімшелердің төрағалары сайланды.
«Агробиоресурстар және экология туралы» бөлімшесінің төрағасы болып ТҰРЫСПЕКОВ Ерлан Кеңесбекұлы, «Өмір және денсаулық туралы» бөлімшесінің төрағасы ЛОКШИН Вячеслав Нотанович, «Жер, ғарыш және коммуникациялар туралы» бөлімшесінің төрағасы болып ЖҰМАДІЛДАЕВ Асқар Серқұлұлы, «Білім және қоғамдық даму туралы» бөлімшесінің төрағасы болып БИЛЯЛОВ Дархан Нұрланұлы сайланды.
Ғылым бөлімшелерінің төрағалары болып сайланған академиктердің қызметі: бөлімшелердің қызметін үйлестіруге, ғылымның жетекшілік ететін бағыттарын дамыту бойынша өзекті ұсыныстар әзірлеуге; пәнаралық зерттеулер мен ғылыми бастамаларды ұйымдастыруға; ғылымды дамытудың өзекті мәселелері бойынша ғалымдардың ұсыныстарын жинақтау; ғылыми іс-шаралар өткізу; ғылымды дәріптеу; НБҚ (ПЦФ) бойынша ғылыми-техникалық тапсырмаларды айқындау және талдау жөніндегі сараптамалық топтардың басшылығына бағытталатын болады.
Сонымен қатар, Жалпы жиналыс барысында Академияның басқару органдарына Стратегияның іске асырылуын одан әрі қамтамасыз ету және еліміздің жетекші ғалымдарын бөлімшелердің жұмысына тарту жөнінде тапсырмалар берілді.