Жетісу университетінде нашақорлыққа қарсы күрес шаралары талқыланды

0
450

2025 жылдың 7 ақпанында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде студенттер арасында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында «Есірткіге жол жоқ!» акциясы өтті. Аталған акцияға оқу орнының білім алушылары қатысты.

Жиынға әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Болат Сериев, Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ернар Ширбаев қатысып, нашақорлыққа қарсы күрес маңызды міндет екенін түсіндірді.  Жағымсыз әдеттен аулақ болып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесіне тоқталды.

«Қазіргі таңда есірткі мәселесі жаһандық дерт, әлемдік проблемаға айналып отыр. Бұл дертке шалдыққандардың басым көпшілігі жастар. Мемлекет басшысы ұлттың генетикалық қорын аман сақтап қалу мәселесін жиі көтереді. Осы орайда, елімізде есірткінің заңсыз айналымына қарсы кешенді шаралар атқарылып, әрбір мемлекеттік құрылым, әсіресе, құқық қорғау органдары тиімді жұмыс істеп жатыр. Аталмыш акция Ішкі істер департаментімен меморандум аясында алдағы уақытта да тұрақты өтетін болады», – деді проректор.

Акция аясында полиция департаменті студенттерге қызметтік автокөліктер мен қару-жарақтардың, кинология қызметінің көрмесін ұйымдастырды.

Айта кету керек, акцияны ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің №BR 24992927 бағдарламасы аясында қаржыландырды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here