Энергетика министрлігі көктемгі егіс маусымына дизель бағасын ұсынды

0
42

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында көктемгі егіс маусымына дизель бағасын ұсынды. 

– 2025 жылғы 30 қаңтарда АИ-92 және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу алынды. Энергетика министрлігі ұсынатын дизель отынының қазіргі бағасы тағайындалған станцияға дейін литріне 232 теңгені құрайды. Түпкі бағаны операторлар белгілейді және литріне 254 теңге құрауы мүмкін. Бұл жанармай стансаларындағы бөлшек сауда бағасынан 15% төмен. Жанар-жағармай құю станциясының бағасы көтерілген сайын баға пропорционалды түрде көтеріледі, – деді Алмасадам Майданұлы.

Министрдің айтуынша, биылғы маусымда диқандарға мың тонна дизель жеңілдетілген бағамен босатылмақ. 

– 2025 жылғы 1 ақпан мен 30 маусым аралығына «2025 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына 401 мың тонна дизель отынын беру графигі бекітілді. Бұған дейін, 2 жыл ішінде баға өңірлерге жеткізу шығынын қосқанда литріне 228 теңге көлемінде ұсталды. Бұл түпкілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін бағаны литріне 250 теңге көлемінде ұстауға мүмкіндік болды. Дизель отынын жеткізу жөніндегі операторлардың маржасы – литріне 22 теңге. Ол жанармай құю станциясының маржасынан едәуір жоғары, – деді Алмасадам Майданұлы.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here