Жаратылыстану ғылымы – тіршіліктің бастауы

0
437

2025 жылдың 29 қаңтар мен 7 ақпан аралығында Алматы қаласы, Алмалы ауданы №67 жалпы білім беретін мектепте Жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында «Жаратылыстану ғылымы – тіршіліктің бастауы» тақырыбында ғылыми іс-шара өткізілді. Аталған шараны жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері мен бірлестік жетекшісі Қали Алтын ұйымдастырды.

Оқушыларды математика, информатика, физика, химия, биология және жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттыру мен пән мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін жоғарылату мақсатында өткен бұл шара діттеген мақсатына жетті деуге болады. Оқушылардың білімге деген құштарлығы мен ғылымға деген қызығушылығы осы онкүндік арқылы одан сайын арта түспек.

Іс-шара барысында мектеп оқушылары «Отты көпіршік» жоба жетістіктерімен бірге, республикалық «Вулкан», «Парниктік эффект», «Конвекция құбылысы», «Атмосфералық қысым» сияқты түрлі эксперименттер көрсетілді. Сонымен қатар, оқушыларға қызықты викториналық сұрақтар қойылып, жауап берген оқушылар түрлі сыйлықтарға ие болды.  Аталған іс-шараға мектеп директоры Айнұр Амантайқызы мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және пән мұғалімдері қатысты.

«Жаратылыстану ғылымы – тіршіліктің бастауы» тақырыбында Жаратылыстану пәндері онкүндігінің жабылу салтанаты ақпанның 7-күні өткізілді. Іс-шара барысында бірлестік жетекшісі Қали Алтын жоспарға сәйкес өткізілген ұстаздардың ашық сабақтарының ұтымды тұстарын атап, қысқаша есеп беріп өтті.   

Бұл күні сабақтан тыс шараларға қатысқан оқушылар мен жеңімпаздарды өздеріне лайықты дипломдармен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Қасымханқызы марапаттады. Қорытынды айрықша салтанатты түрде жүргізілді. Бұл іс-шараға мектепте ғылыми-жаратылыстану пәндері бойынша алғашқы ұстаздық жолын бастап жатқан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен келген практиканттар да қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

Барлық ашық сабақ өткізген мұғалімдер сабақтарын жаңа үлгіде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект және әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып  талапқа сай жүргізді. Сынып оқушылары сабақта берілген тапсырмаларды топпен орындап, қызығушылықпен жауап беріп отырды. Оқушылар постер құрастырып, шығармашылық тапсырма барысында топпен жұмыс істеді, осы арқылы оқушылардың әр пәнге деген қызығушылығы арта түсті. Қорыта келгенде, Бірлестіктің он күндігі өте жоғары дәрежеде өтті, бұған мектеп басшылары мен пән мұғалімдері куә болды.

Әрине, жаратылыстану ғылымы – тіршіліктің бастауы. Жас ұрпақты тәжірибелік білімдерге жиі баурайтын осындай іс-шаралардың көбірек қанат жайдырудың өзектілігі баршаға белгілі. Мектеп басшылығы жастардың жинақтаған білімін практика арқылы көрсете білуі олардың ғылым жолындағы икемділігін арттыра түсетінін ескере отырып, осындай игілікті шараларды жиі өткізіп тұруды тапсырды.

№67 жалпы орта білім беретін мектеп Ғылыми-жаратылыстану пәндер бірлестігі

Алматы қаласы,
Алмалы ауданы

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here