Алматыда «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Жиында бірлестік төралқасының төрағасын сайлау туралы мәселе қаралды. Конференцияның шешімімен Президиум төрағасы болып отставкадағы генерал-лейтенант Бексұлтан Сәрсеков сайланды.
«Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі 2001 жылы қаңтарда құрылған. Бірлестік құрамына генералдар, қарулы күштердің, ұлттық қауіпсіздік органдарының, прокуратура мен ішкі істер органдарының өкілдері кіреді. Кеңестің негізгі міндеті – жас сарбаздарды, құқық қорғау органдары мен арнайы органдар қызметкерлерін патриоттық тәрбиесіне үлес қосу, олардың жоғары моральдық-этикалық мінез-құлқын, Отанға деген адалдық сезімін жетілдіру және оны қорғауға дайын болу.

Айта кетейік, Бексұлтан Сәрсеков 1953 жылы туған, ішкі істер органдары жүйесінде қатардағы жауынгерден министрдің орынбасарына дейін қызмет еткен, генерал-лейтенант әскери атағы бар, Қазақстан Республикасы Президентінің аппаратында қызмет еткен, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, сондай-ақ ТМД елдерінің антитеррорлық орталығы сияқты халықаралық ұйымдарда (жетекшінің бірінші орынбасары) жұмыс істеп, БҰҰ жобасы саналатын Есірткімен күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының орталығының (ЦАРИКЦ) басшысы болған.