Ұлттық ғылым академиясы бөлімшелері төрағаларының орынбасарлары сайланды

0
791

Ағымдағы жылдың 13 ақпанында Академияның ғылым бөлімшелері  отырыстарында дауыс беру арқылы еліміздің жетекші ғалымдары арасынан ғылым бөлімшелері төрағаларының орынбасарлары сайланды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Академияның ғылым бөлімшелері төрағаларының орынбасарлары болып сайланғандар:

  • Агробиоресурстар және экология ғылымдары бөлімшесі бойынша: Айтбаев Теміржан Ерқасұлы – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ жеміс-көкөніс ғылыми-зерттеу институтының Басқарма төрағасы және Омбаев Абдрахман Молданазарұлы – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын басқару халықаралық зерттеу орталығының жетекшісі;
  • Өмір және денсаулық туралы ғылымдар бөлімшесі бойынша: Қайдарова Диляра Радикқызы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА академигі, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің бірінші проректоры және Огай Вячеслав Борисович – PhD, профессор, Ұлттық биотехнология орталығының бас директорының м.а.;

  • Жер, ғарыш және коммуникациялар туралы ғылымдар бөлімшесі бойынша: Телтаев Бағдат Бұрханбайұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА академигі, Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының бас ғылыми қызметкері және Әбсадықов Бақыт Нарықбайұлы – техника ғылымдарының докторы, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің профессоры;
  • Білім және қоғамдық даму ғылымдары бөлімшесі бойынша: Бөрібаев Ермек Әбілтайұлы – заң ғылымдарының докторы, профессор, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры және Дихан Қамзабекұлы – филология ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директоры.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here