Ұлытау облысында шахтаның опырылуына байланысты үкіметтік комиссия құрылып, оны Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады. Вице-премьерге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіру үшін оқиға орнына шұғыл бару тапсырылды.
– Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында шахтаның опырылуының себептерін анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсету үшіні арнайы комиссия құрылды, – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, кеше сағат 16:50-де Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында орналасқан «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің «Жомарт» кенішінде апат болды. Ресми дерекке қарағанда, шахтада тау массасы құлаған.
Ұлытау облысының ТЖД қазіргі уақытта құлаған тау жынысы үйінділерінің арғы жағында қалып қойған Жомарт шахтасы қызметкерлерінің тізімін хабарлады. Қызметкерлердің аты-жөні:
1. Нұрұлдаев О.Ж.,
2. Жакубаев А.Б.,
3. Кенжебеков О.А.,
4. Ақшалов К.А.,
5. Молдабеков Г.Е.,
6. Жұмадуллаев Б.Н.,
7. Рожков К.В.