Руханият жанашыры

0
1235

Ким Ізтілеуов – 1939 жылы 23 ақпанда Жамбыл облысында туған. Қордай ауданының тумасы.

1957 жылы Алматы облысы Іле ауданы Іле кентіндегі №33 орта мектепті, сондай-ақ электриктер курсын бітірген. Еңбек жолын Кеген ауданының астық қабылдау пунктінде электрик болып бастаған. 1959 жылы Ауыл шаруашылығы институтына ауыл шаруашылығын механикаландыру факультетіне түсіп, оны 1964 жылы бітірді. Жолдамамен Кеген ауданы Қарқара совхозына МТШ (машина-трактор шеберханасы) меңгерушісі, кейін бас инженер болып жұмысқа орналасты. 1967 жылы аудандық Ауыл шаруашылығы басқармасының бас инженері лауазымына ауыстырылды.

Әр жылдары Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының аға инженері, Алматы облысының Мал шаруашылығы фермаларын механикаландыру басқармасының бастығы, Алматы облысы Жеміс-көкөніс шаруашылығы басқармасы бастығының механикаландыру жөніндегі орынбасары, Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешенін қайта ұйымдастыруға және құруға байланысты материалдық-техникалық жабдықтау басқармасының бастығы болды.

Ким Әбілханұлы 1996 жылы кәсіпкерлікпен айналысты. 1998 жылы «Дәнекер» автобазасының директоры болып сайланды, кейін «КАБ Сервис» ЖШС болып қайта құрылды, онда қазіргі уақытқа дейін директор болып жұмыс істейді. Ол 1957 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін еңбек етеді. Еңбек өтілі – 68 жыл. Мақтанарлық жағдай.

Өзі басшылық ететін «КАБ Сервис» ЖШС Ұлттық бизнес-рейтингісі бойынша 87 алматылық кәсіпорынның ішінде «Сенімді салық төлеуші»  деп танылды. Сондай-ақ, 2019 жылы Алматы қаласы бойынша «Мемлекеттік бюджетке салым» байқауында 9-орынды иеленді және тиісінше «Сала көшбасшысы» атанды.

Өткен жылы ғасырдан астам тарихы бар «Қазақ» газеті материалдық жағынан қиындық көргенде, Ким Әбілханұлы басқаратын «КАБ Сервис» ЖШС қаржылай көмек көрсетті. Оны ұлтжанды азамат ретінде тани отырып, қазақ руханиятына жанашырлық танытқаныңыз үшін алғыс білдіреміз.

Ким Әбілханұлын өткен туған күнімен құттықтай отырып, отбасына амандық, деніне саулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!

РЕДАКЦИЯ

Ким қайныма ақ тілек!

Қымбат көйлек кисем де,
       етек пенен жең керек.
Адам болып туған соң,
      ағайын мен ел керек.
Қайным-ау,
      сағынар маған сен керек.

Ешкімге ақталмайтын,
Ешкімге мақтанбайтын,
Бар болса тасымайтын,
Жоқ болса жасымайтын,
Мінезі өзгермейтін,
Жамандық сақтамайтын,
Досына – адал,
         ағайынға – мейірімді қайным-ау,
Мерейтойың құтты болсын!

Кенжедей ибалы жарыңмен,
Алтын асықтай бала-шағаңмен,
Сексеннен секіріп өттің.
Енді тоқсанда тоқтамай,
Еңселі қалпыңда жүзге жет деп тілеймін!

Құтты болсын қайным-ау,
Туған күнің бүгінгі.
Қуанышта, шаттықта,
Өткіз әрбір күніңді.

Жеңгең Нағытай

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here