Креативті хабтар, қор және «e-Creative» платформасы: Қазақстанда креативті экономика қалай дамуда?

0
329

Креативті индустрияны дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі және бұл сала Мемлекет басшысының ерекше назарында. Экономиканың бұл стратегиялық маңызды секторы 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарына енгізілген. Негізгі мақсат – саланы қолдауға арналған заңнамалық және институционалдық шараларға, инфрақұрылымды дамытуға, қазақстандық креативті өнімдердің импортын арттыруға бағытталған.

Биыл Мемлекет басшысы «Креативті индустрияларды дамыту туралы» Заңға қол қойды. Бұл құжат креативті саланы дамыту бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен жергілікті атқарушы органдардың құзыретін арттыруды қарастырады. Оның мақсаты – креативті индустрия өкілдерінің дамуына жағдай жасау.

Креативті экономиканы дамыту мақсатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі арнайы шаралар пакетін әзірледі.

Биыл Үкімет жанынан Креативті индустрияларды дамыту қоры құрылмақ. Қордың негізгі міндеті – дарынды азаматтарды табу және қолдау, жобалар мен инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ қазақстандық креативті өнімдер мен қызметтердің экспортын алға жылжыту.

 Қор халықаралық нарыққа шығаруға арналған креативті жобаларды дамыту үшін түрлі қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын конкурс негізінде әзірлеп, іске асыратын болады.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Бюджет кодексіне қол қойды. Кодекс аясында ұлттық лотерея операторы сатқан лотерея билеттерінің 3%-ын креативті индустрияны дамытуға бөлу қарастырылған.

Сонымен қатар, Мәдениет және ақпарат министрлігі «Креативті индустрияға мемлекеттік қолдау көрсету және ынталандыру қағидаларын бекіту туралы» нормативтік-құқықтық актінің жобасын әзірледі. Бұл құжат креативті индустрия субъектілеріне қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын қарастырады.

«e-Creative» деп аталатын креативті индустрия өкілдерінің бірыңғай реестрі құрылмақ. Бұл онлайн-платформа қажетті мамандарды жылдам табуға, креативті индустрия субъектілерінің артуын қадағалауға, отандық креативті өнімдер мен қызметтерді дамытуға арналған бизнес-процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Креативті индустрияны дамытудың басты бағыттардың бірі – креаторларға арналған инфрақұрылым құру. Президент тапсырмасына сәйкес, Қазақстанның ірі қалаларында креативті хабтар жүйелі түрде ашылып жатыр.

Креативті тауарлар мен қызметтерді коммерциялауды қолдау мақсатында оларды елдегі белгілі бір банкке тиесілі маркетплейсте орналастыру туралы келісім жасалды.

Министрліктің алғашқы міндеттерінің бірі – креативті сала өкілдерін көлеңкелі экономикадан шығару болды. Осы мақсатта 40 түрлі креативті қызмет арнайы салық режиміне енгізілді. Бұл бизнес барлық салық түрлерінен (КТС, ЖТС, ҚҚС) босатылып, оған бірыңғай салық төлеуге мүмкіндік берді. Атап айтсақ, жеке кәсіпкерлер (ЖК) 2-4%, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (ЖШС) 8% мөлшерде салық төлейді.

2024 жылы Алматы облысында Energo University негізінде Қазақстандағы алғашқы Креативті индустриялар паркі және Астанада Бибігүл Төлегенова атындағы алғашқы креативті мектеп ашылды.

Зияткерлік және шығармашылық ресурстарды қолдау мен оларды коммерцияландыру ұлттық стратегияның ажырамас бөлігіне айналды. Болашақта креативті индустрия экономикалық дамудың негізгі қозғаушы күшіне айналуы мүмкін.

Отандық креаторлардың жетістігі ел имиджіне оң әсерін тигізеді. Бұл саладағы танымал есімдер мемлекеттің жаһандық деңгейде танылуына ықпал етеді. Мысалы, Димаш Құдайберген, Иманбек Зейкенов (DJ Imanbek), режиссерлер Тимур Бекмамбетов, Айсұлтан Сейітов, Әділхан Ержанов, суретшілер Қанат Нұртазин, Ескендір Өтепбаев, Сәуле Сүлейменова сынды есімдерді атауға болады. Олар – әлемдік деңгейде өз өнерімен танымал болған қазақстандық креативті индустрияның жарқын өкілдері.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here