Комитет қызметкерлері арқаны кеңге салуға болмайтынын жақсы түсінеді

0
396

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҚР ҰҚК) – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган. Басты мақсаты – мемлекеттің қауіпсіздігін және біртұтастығын сақтау. Осы жолда комитет қызметкерлері арқаны кеңге салуға болмайтынын жақсы түсінеді.

24 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға күдікті бір топ адамның әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

«Алдын ала деректер бойынша, олар жақын шетел азаматтарына Қазақстанда уақытша тұруға 80-нен астам заңсыз рұқсат ресімдеген. Тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленген. Қылмыстық кодекстің 251-бабының 1-бөлігі, 394-бабының 2-бөлігі және 366-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген хабарламада.

Көші-қон туралы заңда қандай өзгерістер бар?

Айта кетейік, 2024 жылы көші-қон заңнамасын бұзған 468 мың шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 37 мыңы елден шығарылып, 5 жыл Қазақстанға кіруге тыйым салынған. Ішкі істер министрлігінің өкілдері былтыр шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан 3,8 мыңын жұмыс берушіге 335 млн теңгеге айыппұл салынғанын айтты. Ал, жыл басталғалы 24 мыңнан аса шетелдік заңды бұзған. Сондай-ақ, 800 жұмыс берушіге өзге елдің азаматтарын заңсыз жұмысқа тартқаны үшін 650 млн теңге айыппұл салынды. Мұндай деректер көбіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қарағанды және Түркістан облысында тіркелген.

Жанар ДӘУЛЕТҚЫЗЫ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here