Жетісу университетінде «Арнайы білім беру мәселелерін зерттеу» орталығы ашылды

0
403

Бүгін, 7 сәуірде І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Педагогика және психология факультетінде «Арнайы білім беру мәселелерін зерттеу» орталығы ашылды.

Аталмыш орталық Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Зульфия Мовкебаеваның жетекшілігімен жүзеге асырылып жатқан «Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды бейіналды даярлауға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру» ғылыми жобасының негізінде құрылды.

Шараға Басқарма төрағасы – ректор Ермек Бөрібаев қатысып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда орталықтың маңызы зор екенін атап өтті.  Орталық көру, есту, тірек-қимыл және тағы басқа дамуында шектеуі бар балаларға арналған арнайы құрылғылармен жабдықталған. Сонымен қатар, бұл орталықта арнайы педагогика және психология мәселелері, арнайы білім беруді жүзеге асыру бойынша қолданбалы зерттеулер, теориялық және оқу-әдістемелік әзірлемелер дайындалады.

Арнайы аудиторияның ашылуына келген ғалымдардың қатысуымен «Қазақстан Республикасында арнайы білім беру: тәжірибе және даму тенденциялары» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтті.

Онда ҚазҰПУ профессоры З.Мовкебаева, аға оқытушы М.Увалиева, Сарқан қаласының облыстық №3 арнайы мектеп-интернатының директоры Б.Сарсенбаева, облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп интернатының қызметкері К.Мухаметрахимова және Жетісу университетінің инклюзивті білім беру бағытын зерттеп жүрген ғалымдары Г.Жолтаева, Б.Альмухамбетова баяндама жасады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here