Бүгін, 11 сәуірде Алматы қаласындағы «Ғылым ордасы» ғимаратында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған ірі салтанатты іс-шара өткізді.
Іс-шара отандық ғылым саласындағы жетістіктерді дәріптеу, ғылыми қызметкерлердің еңбегін мойындау, сондай-ақ жас ғалымдарды ынталандыру және олардың инновациялық бастамаларын қолдау мақсатында ұйымдастырылды.
Бағдарлама аясында:
- Ғылыми-инновациялық әзірлемелердің көрмесі;
- ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің, ҚР ҰҒА Президенті Ақылбек Күрішбаевтың және еліміздің жетекші ғалымдары, академиктердің мазмұнды баяндамалары;
- Ведомстволық наградалармен марапаттау;
- Еліміздің жетекші ғалымдарын академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған арнайы төсбелгілермен марапаттау салтанаты өтті.
Маңызды тарихи сәт – «Сәтбаев сакураларын» отырғызу:
Ғылым ордасының ауласында ерекше символдық мәнге ие «Сәтбаев сакураларын» жаңғырту рәсімі ұйымдастырылды. Бұл бастама – қоршаған ортаны қорғауға үлес қосу ғана емес, сонымен қатар еліміздің ғылым тарихына құрмет пен тағзым белгісі. Сакура ағаштарын алғаш осы жерде академик Қаныш Сәтбаевтың құрметіне өткен ғасырдың 60-шы жылдары жапон делегациясы отырғызғаны белгілі.
«Сәтбаев сакурасы» қайта жаңғыртылып, академия ауласына отырғызылды
Салтанатты отырғызу рәсіміне академиктер, депутаттар, жапондық делегациясы мүшелері, ғылыми қоғамдастық белсенділері қатысты.