Отбасы құқығына арналған оқулық

0
478

Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде отбасы құқығы – қоғамның іргетасы саналатын отбасының тұрақтылығы мен берік негізін қалыптастыруда ерекше орын алады. Бұл салада ғылыми негізде жүйеленген алғашқы еңбектердің бірі – «Қазақстан Республикасының отбасы құқығы» оқулығы. Аталған еңбектің бірінші авторы болып – еліміздің заң ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан, Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті, «Экономика, қызмет көрсету және құқық» кафедрасына тәжірибесі мен білімін ұрпақ тәрбиесіне арнаған белгілі заңгер-ғалым заң ғылымының докторы Жандарбек Бауыржан Абылхасымұлы.

Жандарбек Б.А. – заң ғылымдарының докторы, көптеген жылдар бойы жоғары оқу орындарында оқытушылық қызмет атқарып, жүздеген заңгер мамандардың тәрбиеленуіне ықпал еткен тұлға. Оның жетекшілігімен жарық көрген бұл оқулық тек студенттер, докторанттар мен заңгерлер үшін ғана емес, сонымен қатар заң шығару процесінде де маңызы зор ғылыми-тәжірибелік құралға айналды.

Оқулықты Қазақстандағы отбасы институтының құқықтық негіздері, ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері, ата-аналар мен балалар арасындағы қатынастар, сондай-ақ бала асырап алу, қамқоршылық және қорғаншылық мәселелері жан-жақты қарастырылған. Автор өз еңбегінде халықаралық тәжірибені де шебер үйлестіре отырып, ұлттық ерекшеліктерді сақтауға баса мән берген.

Бүгінде Жандарбек Б.А. есімі еліміздің құқық саласында үлкен құрметке ие. Оның ғылыми ізденістері мен жазған еңбектері болашақ заңгерлер үшін құнды мұра болып қала бермек. Әрбір отбасы, әрбір азамат заңды білу арқылы өз құқығын қорғап, қоғамның дамуына үлес қоса алатынын ескерсек, мұндай еңбектің құндылығы арта түсетіні сөзсіз.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here