Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да Қаныш Сәтбаевтың ғылыми еңбектерінің толық жинағы таныстырылды

0
29

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде академик Қаныш Сәтбаевтың 10 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. Шараға парламентшілер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Сенат депутаты, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор Алтынбек Нухұлы қатысты.

Жинаққа ғалымның 1923-1963 жылдар аралығындағы ғылыми еңбектері енген. Онда тақырыптар бойынша жүйеленген және қазіргі ғылыми стандарттарға сәйкес ресімделген монографиялар, мақалалар, геологиялық барлау есептері, карталар және ғылыми-техникалық жобалар  қамтылған.

Алтынбек Нухұлы өз сөзінде Қаныш Сәтбаевтың 10 томдық шығармалар жинағы ұлы ғалымның ғылыми еңбегінің көрінісі ғана емес, сонымен қатар ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға қосқан аса маңызды үлесі екенін атап өтті. Сенатордың айтуынша, Сәтбаевтың еңбектері ойдың тереңдігімен, стратегиялық көзқарасымен және Отанға шексіз сүйіспеншілігімен ерекшеленеді.

Қалың көпшілік жиналған шара еліміздің ғылыми және қоғамдық өміріндегі маңызды оқиғаға айналды. Тұсаукесерге қатысушылар жаңа басылым болашақта ғалымдардың жас буынына кең көкжиек ашатынын және Қазақстандағы ғылыми зерттеулердің дамуына түрткі болатынын атап өтті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here