Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ескі көліктердің салығын азайту нормасы 2026 жылдың қаңтарынан күшіне енетінін айтты.
Ержан Ерікұлының айтуынша, 30 сәуір күні Парламент Мәжілісі екінші оқылымда қабылдаған жаңа Салық кодексінде ескі көліктерге салық жүктемесін азайту нормасы сақталған.
«Жаңа норма бойынша автокөлікті пайдалану мерзімі 20 жылдан асса, онда 50 пайыз жеңілдік қарастырылады. Егер автокөлік 10 жылдан бері қолданылып келген көлік болса, 30 пайыз шегерім қарастырылған. Бұл норма 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді», – деді 46 жастағы вице-министр.