«Жеңістің жұлдызды сәті» атты ауқымды көрмесі ашылады

0
937

2025 жылдың 8 мамыры күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Жеңістің жұлдызды сәті» атты ауқымды көрмесі ашылады.

Сурет, графика және мүсін өнеріндегі шығармалар халқымыздың өміріндегі қиын,  батырлық оқиғаларды әр түрлі ұрпақтың суретшілерінің көзімен көрсетеді. Ұлы Отан соғысына арналған көрмелер музейде жыл сайын өткізіледі, себебі бұл – барлық ұрпақтарға қажет  маңызды үлкен естелік.

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы Қазақстан суретшілерінің шығармаларының бірегей коллекциясына ие, оның едәуір бөлігі көрмеде ұсынылған. Жоғары кәсіби деңгейде орындалған жұмыстар өмірге, қарапайымдылық пен шынайылыққа толы, трагизммен, поэтикалық мазмұнмен және ерлікті көрсетеді. Олар Отанға деген парыз туралы, ел басына төніп тұрған қауіп, басқыншыны жеңген халықтың жеңісі мен салтанаты туралы айтады.

Экспозицияда В. Антощенко-Оленев, А. Бақтығалиев, Р. Великанова, Н. Гаев, А. Дроздов, П. Зальцман, Қ. Каметов, Ә. Қастеев, М. Кисамединов және басқа да авторлардың графикалық жұмыстары маңызды орын алады. Бұл шығармалардың көпшілігі алғаш рет көрсетілуде. Көпшілікке таныс М. Калимов, В. Киреев, Қ. Тельжанов, Е. Төлепбай, М. Хитахунов және басқа да суретшілердің кескіндеме жұмыстары графикалық парақтармен біріктірілген.

Экспозицияда Қазақстанның жетекші мүсіншілері — Е. Мергенов пен С. Сергебаевтың мүсіндік композициялары ерекше орын алады.

Жобаның орталық бөлігінде Л. Калимованың «Бата» гобелены орналасқан.

Көрменің медиа бөлімі Ұлы Жеңіс үшін майданда шайқасқан қазақстандық батырларға арналған. Олардың арасында Ұлы Отан соғысының қатысушысы болған қазақстандық суретшілер: Ү. Әжиев, Н. Александров, П. Андриюк, П. Антоненко, К. Баранов, И.Бондаренко, И. Виноградов, В.Воробихин, Н.Гаев, Л.Гербановский, А. Горовых,

П. Данилов, В. Дмитриев, А.Дроздов, А. Евдаков,  Д. Елькин, Р. Есіркеев, А.Заковряшин, Г. Иляев, А.Ильин, Д.Калачев, Ж.Қанапьянов, И.Квачко, Ш.Кенжебаев, В.Колоденко, В.Константинов, К.Кузнецов, Г.Максимов, П.Мариковский, Е.Молданиязов, Р.Мейрманов, Н.Наседкин, В. Нестеров, Н.Нұрмухаммедов және т.б. бар.

Медиаэкспозиция екі бөлімнен тұрады:

  1. Ұлы Отан соғысының қаһармандарының портреттік хроникасы;
  2. Соғысқа қатысушы суретшілерге арналған сұхбаттар мен жеке фильмдердің трансляциясы — көрерменге сол алыстағы жылдардың оқиғаларын тереңірек сезінуге мүмкіндік береді.

Экспозиция маусым айының 8-іне дейін жалғасады.

 «Қазақстан бейнелеу өнері» бөлімі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here