Сенат Төрағасы Жеңіс күніне орай Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

0
705

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Жеңіс күніне орай Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, сұрапыл соғыста қаза тапқан майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Іс-шараға ардагерлер ұйымдары мен күш құрылымдарының өкілдері және әскери қызметшілер мен Сенат депутаттары қатысты.

Салтанатты рәсімге қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтаған Мәулен Әшімбаев Жеңіс күні ел тарихында және әрбір қазақстандықтың өмірінде ерекше орын алатын дата екенін атап өтті. Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасымен барлық өңірде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар өткізіліп жатқаны айтылды.

«Жеңіс күні – Қазақстан халқы үшін айрықша маңызға ие мереке. Биыл мерейлі датаға орай Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен еліміз бойынша ауқымды іс-шаралар өткізіліп жатыр. Соның аясында 7 мамыр күні Астанада әскери шеру ұйымдастырылғаны белгілі. Ал, бүгін біз Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне арнайы келіп тұрмыз. Мәншүк Мәметова 20 жасқа толар-толмас шағында өз еркімен майданға аттанып, батырлық пен қайсарлықтың озық үлгісін көрсетті. Біз келер ұрпақтың бейбіт заманы үшін өзінің өмірін құрбан еткен Мәншүк Мәметованың және барлық майдангердің ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз. Соғысқа қатысқан аға буынды ардақтап, рухтарына тағзым ету – біздің азаматтық парызымыз», – деген Мәулен Әшімбаев ардагерлерге зор денсаулық және олардың отбасыларына бақ-береке тіледі.

Сонымен қатар бүгін Палата Спикері бір топ депутатпен бірге соғыс ардагері Василий Сердюковты Жеңіс күнімен құттықтады. Василий Сердюков 1943 жылы 17 жасында майданға аттанған. Кездесуде ардагер құттықтап келушілерге өз алғысын білдіріп, батасын берді.

Василий Антонович соғыс жылдарында Беларуссиядағы артиллериялық әскер қатарында және 26-шы миномет бригадасында болып, Минск пен Варшаваны азат етуге қатысты. Сондай-ақ ол Жеңісті Рейхстагта жүріп қарсы алғанын атап өткен жөн.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here