Түркістан облысында 110 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

0
515

Түркістан облысында жыл басынан 196,5 млрд теңге инвестиция тартылған. Жалпы облыс экономикасының дамуына тың серпін беретін 2025-2028 жылдары аралығында жүзеге асырылатын жалпы құны 2,3 трлн теңгені құрайтын 110 инвестициялық жоба іске аспақ. Нәтижесінде 19 783 жұмыс орны ашылады. Оның ішінде, биыл 322 млрд теңгеге 57 инвестициялық жоба іске қосылып, 6 908 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Бүгінде өңірде қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыру үшін тиісті жұмыстар атқарылуда. Осы ретте, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында 14 индустриалдық аймақ ашылған. Одан бөлек, биыл 744 гектарды құрайтын жаңа 5 аймақ құрылды. Оның ішінде, «Жетісай», «Отырар», «Арыс», «Қарамұрт және «Шардара-2» индустриалдық аймақтары бар.

Бұл аймақтарда құны 129 млрд теңгені құрайтын жалпы 84 жобаны іске асыру жоспарланған. Ағымдағы жылы 17 жоба іске қосылады. Сондай-ақ, қосымша Төлеби ауданында 1 индустриалдық аймақты ашу және Түркістан қаласы мен Ордабасы ауданындағы 2 аймақты кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, Сауран ауданында «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы іске асырылуда.

Жоба аясында 152 өндірістік ғимарат салып, 308 млрд теңге инвестиция тарту көзделген болатын. Бұл, өз кезегінде 6 040 жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Бүгінде 11 жоба іске қосылып, жұмысын бастап кетті. Сонымен қатар, биыл тапсырылатын 29 ғимараттың құрылыс жұмыстарының 90%-ы аяқталып, 26 жоба іске қосылмақ.

Бұдан бөлек, облыста жаңа туристік бағдарламаларды ұсыну мақсатында ірі жобалар қолға алынған. Осы ретте, 2025 жылы 26,3 млрд теңгеге 27 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде, Түркістан қаласында 31,2 гектар аумақта «Қолөнер қалашығы» салынуда, Яссауи кесенесі маңындағы «Күлтөбе» ескі қалашығын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жеке инвестиция есебінен Түркістан қаласында 11,8 гектар жерге «Аквапаркі бар қонақ үй кешенін» салу көзделуде. Облыстық бюджет есебінен халықаралық талаптарға сәйкес келетін «Ипподром» және елімізде теңдесі жоқ, әмбебап «Ескек есу каналы» салынуда. Нәтижесінде 1 130 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here