ҚазҰУ жастары топ жарды

0
885

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 138 жас спортшысы Түркістан қаласында өтіп жатқан XIII жазғы универсиадада спорттың 16 түрінен сынға түсуде. Қыздар арасындағы үстел теннисінен командалық жарыста ҚазҰУ спортшылары бірінші орынды иеленді.

ҚазҰУ-дың жеңімпаз теннисші қыздары: медицина және денсаулық сақтау факультетінің 1-курс студенттері Әнел Бақыт, Ангелина Романовская, география және табиғатты пайдалану факультетінің 2-курс студенті Аружан Бекіш жекелеген жарыстарға да қатысады.

Жазғы универсиада 16 маусымға дейін жалғасады.

Еліміздің 71 жоғары оқу орнынан қатысып жатқан командалар 800 медаль мен 104 кубокты сарапқа салады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here