Қазақстан мен Италия ғалымдары «Ғылым мен шығармашылық» атты бірегей конференцияда креативті индустрия мен инновацияларды талқылады. Шараны Nazarbayev University Италияның Қазақстандағы елшілігі және Италия мәдениеті институтымен бірлестікте ұйымдастырылып отыр.
Конференцияда Италияның университеттері және ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастықта жүзеге асырылып жатқан өзекті ғылыми жобалар таныстырылды.
Ашылу салтанатында ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сөз сөйлеп, Қазақстан арман-мақсаттарын қайта қарап, ғылыми мен зерттеу жұмыстарын дамытуға жаңа серпін алғанын айтып өтті.
«Жоғары білім беру жүйесіндегі ғылымды дамытудың ұлттық тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, біз ғылымды экономика мен қоғамның қажеттіліктерімен тікелей байланыстыратын ашық модельге көшудеміз. Бүгінгі таңда ғылым тек зерттеп қана қоймай, мәселелерді шешіп, инновациялар енгізіп, шабыттандыруы керек. Осындай конференциялар бізге ғылым тек деректер мен жаңалықтар ғана емес, сондай-ақ инновация, мәдениет, байланыс және серіктестік екенін еске салады. Италияның Леонардо да Винчи, Энрико Ферми сияқты ғылым саласындағы үстемдігі бүкіл әлемді шабыттандырады. Қазақстанда біз ғылыми қауымдастықтар арасында көпір салып, ортақ міндеттерді бірлесіп шешуге тырысамыз», – деді министр.
Өз кезегінде Италияның Қазақстандағы Елшісі Антонелло Де Рио Қазақстан өзінің бірегейлігін түсінетін және өткен мен болашақты біріктіруде стратегиялық серіктес болып отырған серпінді ел екенін атап өтті. Оның айтуынша, көптеген италиялық ғалымдар жұмыс істейтін NU-мен ынтымақтастық – ғылымның мәдени дипломатия мен экономикалық өсудің қозғаушы күшіне айналғанының дәлелі.
«Бүгіннің негізінде терең сенім жатыр: гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының синергиясы – бұл тек идеал емес, мәдени мұраны қайта қарауға деген қажеттілік. Гуманитарлық негізсіз ғылым тиімді қарым-қатынас жасау қабілетін жоғалтады. Дәл осы пәнаралық диалог мәдениетті инновацияның, дамудың және жаһандық өзара әрекеттестіктің тұтқасына айналдырады», – деді елші Де Риу.
Конференцияда NU мектептерінде қызмет ететін италиялық профессорлар, атап айтқанда, Жоғары мемлекеттік саясат мектебі, Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі, Жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі, Медицина мектебі ғалымдары өз еңбектерін таныстырды. Іс-шараның ерекше қонақтары Fondazione Industria e Cultura басшысы Патриция Аспрони, Federated Innovation @MIND бас директоры Стефано Минини және т.б. болды.
Қорытындылай келе, NU президенті профессор Вакар Ахмад: «Ғылым мен креативті индустрияға арналған бұл керемет конференция пәнаралық ынтымақтастықтың маңызы өсіп келе жатқанын көрсетеді. Италия ұзақ уақыт бойы креативті индустриялар саласында көшбасшы саналады және біз үшін Италия қоғамдастығымен де, Италияның Қазақстандағы елшілігімен де берік және жемісті қарым-қатынаста болу — үлкен мәртебе. NU осындай перспективалы бастамаға алаң болып отырғанын мақтан тұтады, сондай-ақ академиялық алмасу мен жетекші италиялық университеттермен, білім беру мекемелерімен бірлескен жобалардың көбеюін асыға күтеді».