SIM-карталарды дүкен-дүңгіршек, базарларда сатуға тыйым салынады

0
58
Фото: ixbt.com

SIM-карталарды байланыс операторларының кеңсесінен тыс жерлерде сатқан кәсіпкерлер әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін. Яғни, дүкен-дүңгіршек, базарларда саудалаған сатушы айыппұл төлейтін болады. Өйткені, бұдан былай телефон нөмірлерін тек ресми байланыс операторлары ғана сатуға құқылы. Бұл туралы «31 арнаның» «Информбюро» ақпараттық бағдарламасы.

«Цифрлық даму министрлігі абоненттік нөмірлерді тіркеу тәртібін күшейтуге бағытталған құжатты қоғам талқылауына шығарған. Соған сәйкес, жеке тұлғаны сәйкестендірмей SIM-картаны сатуға тыйым салынғалы отыр. Ал, нөмірлер тек байланыс операторларының ресми нүктелерінде саудалануға тиіс. Демек, шектеу бүкіл дүкен-дүңгіршектер мен базарларға қатысты болады. Осылайша, енгізілгелі отырған жаңашылдық алаяқтық әрекеттердің санын азайтуға ықпал етпек. Ал, ережені елемей, SIM-карталарды сатуды жалғастырған кәсіпкерлер айыппұл төлейді. Бірақ, әзірге айыппұл көлемі белгісіз», – дейді ведомство өкілдері. 

Айтуларынша, қазір бір адамның атына 5-10 нөмірді тіркеуге қатысты депутаттар бастамасы қарастырылып жатыр. Егер SIM-карта саны одан асып кетсе, байланыс операторына растайтын материалдар ұсынуы қажет. 

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here