Қарулы күштердің әскери қызметшілері армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алды

0
615

Әскери бөлімдерде, әскери жоғары оқу орындарында, колледждер мен мекемелерде Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына 101 жыл толуына арналған іс-шаралар өтті.

Ақмола облысының Ақкөл қаласында Тәуелсіз Қазақстанның бірінші қорғаныс министрінің ескерткішінде митинг өтті. Оған Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев пен Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы вице-адмирал Серік Борамбаев, атқарушы билік пен қоғам өкілдері, Қарулы күштердің әскери қызметшілері мен ардагерлері қатысты. 

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеушілер аты аңызға айналған әскери қолбасшы Сағадат Нұрмағамбетовтің Қазақстан армиясының қалыптасуы мен дамуына қосқан зор үлесін, оның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігін және бейбіт уақытта Отанға мінсіз қызметін атап өтті. Батырды бір минут үнсіздікпен еске алып, оның ескерткішке гүл себеттерін қойды.

Алматыда Сағадат Нұрмағамбетов тұрған үйдегі мемориалдық тақтада қолбасшылықтың, гарнизон әскери қызметшілерінің, әкімдік өкілдерінің, замандастарының, ардагерлердің, оқытушылардың, жоғары әскери оқу орындарының курсанттарының және батырдың қызы Айсұлу Нұрмағамбетованың қатысуымен жиын өтті. 

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Астана мен Мәскеуде әскери шерулер өтті. Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев кеңестік кезеңде 1965, 1985, 1990 жылдары Сағадат Қожахметұлы Жеңіс парадын өзі басқарғанын еске салды. Кейінгі жылдары, 1995 жылдан бастап, мұндай шерулерді ол Тәуелсіз Қазақстанда ұйымдастырды.

– Менің әкем әрқашан аға буынның, онымен бірге қызмет еткен адамдардың жадында қалады. Өскелең ұрпақ үшін ол өз Отанын сүйетін нағыз азаматтың үлгісі. Армия оның үйі, екінші тынысы болатын. Ол атақ үшін емес, елі үшін қызмет етті, – деді Айсұлу Сағадатқызы.

Жиналғандар ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойды. Әскери оркестрдің үнімен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері, әскери оқу орындары мен әскери-техникалық мектептің курсанттары салтанатты маршпен жүріп өтті.

Мұндай шара әскер қолбасшысы Сағадат Нұрмағамбетов жерлеген Кеңсай зиратында да өтті. Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманының қабірінің жанындағы ескерткіште әскери қызметшілер оның мемлекеттік наградаларының көшірмелерін орнатты.

Жамбыл облысының Гвардейск гарнизонында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы саябақта митинг өтіп, аты аңызға айналған қолбасшының бюстіне гүл себеттері қойылды. Қатысушылар батырды бір минут үнсіздікпен еске алды. Отанның аңызға айналған ұлының құрметіне салют командасы қарумен салтанатты түрде дүркіндетіп оқ атты.

Астана мен Алматыдағы республикалық маңызы бар қалаларда әскери колледждің және Құрлық әскерлері әскери институтының басшылығы, жеке құрамы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің бюстіне гүл шоқтарын қойды.

Ұлы Отан соғысы.ның батырын еске алу үшін әскери бөлімдерде оның өмірі мен жауынгерлік жолы туралы деректі фильмді тамашалау шаралары өтті. Әскери жоғары оқу орындарының курсанттық бөлімшелерінде жеңімпаздар дәуірінің даңқты өкілі, нағыз патриот Сағадат Нұрмағамбетов туралы өлеңдерді орындаудан челлендждер ұйымдастырылды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here