Бибигүл Жексенбай Талдықорғанда өткен Азаматтық форумға қатысты

0
68

Сенатор Бибигүл Жексенбай Талдықорған қаласында өткен XII Қазақстан Азаматтық форумы аясында ұйымдастырылған алғашқы өңірлік форум – «Азаматтық қоғам 2.0: мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасындағы өзара іс-қимылдың инновациялық үлгілері – өңірлік дамудың драйвері» атты іс-шараға қатысты.

Форум қатысушылары азаматтық қоғам институттарын дамыту және мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелерін талқылады.

Өз сөзінде сенатор Бибигүл Жексенбай азаматтық қоғамды дамытудағы үкіметтік емес ұйымдардың маңызды рөлін атап өтіп, өңірлік деңгейде әлеуметтік әріптестікті нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Ұлттық Құрылтай төрағасының орынбасары ретінде ол бұл институттың билік пен халық арасындағы байланысты күшейтудегі рөлін атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҮЕҰ туралы жаңа заң жобасы әзірленіп жатқанын және қоғамдық бақылау туралы заңға өзгерістер енгізіліп жатқанын жеткізді.

« Азаматтық қоғам мемлекеттің серіктесі, оның болашағын бірге қалыптастырушы белсенді күш. Бүгінгі форум өңірлерде осындай тетіктерді нақты іске асыруға жол ашатын тәжірибе алаңы болмақ. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай: «Қоғамдық келісім мен ел бірлігі – мемлекеттің ең басты тірегі». Қазіргі таңда елімізде 22 мыңнан астам ҮЕҰ тіркелген. Оның 60 пайызы жүйелі жұмыс істеуде. Азаматтық қоғамды дамыту бағытында Сенат, Ұлттық Құрылтай әрі мәслихаттар мен ҮЕҰ-дың бірге әрекет етуі аса маңызды. Сенат жергілікті мәслихаттармен тығыз жұмыс істей отырып, азаматтардың бастамаларын заңнамалық тұрғыдан рәсімдеуін қамтамасыз етсе, Құрылтай аймақтармен кері байланысты қалыптастырып, ал ҮЕҰ өңірлерде нақты жобаларды жүзе асырып жатыр», – деді Бибигүл Жексенбай.

Форум қатысушылары ашық диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін білдіріп, инновациялық және цифрлық шешімдерді енгізу, жастардың белсенділігін арттыру және әлеуметтік әріптестікті нығайту қажеттілігін атап өтті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here