Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың тиімді әрі заңды пайдаланылуын бақылау мақсатында арнайы комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 59-бабы 4-тармағына орай, Ұлттық қордан бөлінетін қаражаттың жұмсалуын мониторингілеу жөніндегі комиссия құрылды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы комиссияның ережесі мен жұмыс тәртібін, сондай-ақ оның құрамын бекітті.
Жарлықпен бірге бірқатар бұрынғы президенттік актілердің күші жойылды деп танылды.
Құжат қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.