Жылыту маусымына дайындық: Үкімет басшысы облыс басшыларына 5 нақты тапсырма берді

0
66
Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов алдағы үш айда облыс әкімдері атқаруы тиіс бірқатар міндеттерді атап өтті.

– Жылыту маусымына дайындық – әкімдіктердің алдағы үш ай ішіндегі негізгі міндеті. Осыған байланысты мынадай тапсырмалар беремін, – деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы облыс басшыларына мынандай 5 нақты тапсырма берді:

  1. Өңір әкімдіктері барлық конкурстық рәсімдерді екі апта мерзімде аяқтап, жөндеу жұмыстарына нақты кірісуі керек. Басы артық бюрократияға жол беруге болмайды. Биыл іске қосу жоспарланып отырған жаңа жылу нысандары бойынша барлық жұмыстарды тамыз айынан кешіктірмей аяқтау қажет. Әкімдерге жылу нысандарына апта сайын барып, жағдайды жеке бақылауға алуды және барлық туындаған тәуекелдер бойынша шұғыл әрекет етуді тапсырамын.
  2. Энергетика және Өнеркәсіп министрліктері, өңір әкімдіктері 10-шы маусымға дейін жылыту маусымына дайындық жоспарларын нақтыласын.

Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде барлық инженерлік инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілері 15-ші қыркүйекке дейін, ал қалған өңірлерде — 15-ші қазанға дейін толықтай әзір болуға тиіс.

  1. «KEGOC» компаниясы Энергетика министрлігімен бірлесіп, 15-ші маусымға дейін алдағы жылыту маусымында ұлттық маңызы бар станцияларға арналған жабдықтардың жұмыс режимдерін бекітуі керек. Жөндеу мерзімдерін ауыстыруға немесе жұмыс көлемін азайтуға жол берілмейді. Әрбір факт бойынша меншік иелеріне, сол сияқты басқарушы компанияларға қатысты шаралар қабылданатын болады.
  2. Энергетика министрлігі Көлік министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, 1-ші қыркүйекке дейін жылу көздері мен тұйықтарда отын қорын алдын ала жинақтауды қамтамасыз етсін.
  3. Үкімет Аппараты өңірлердің жылыту маусымына әзірлік барысына тұрақты негізде бақылау жасап, маған тиісті ақпарат беріп отырсын.

Тапсырманы бақылау мен үйлестіру Роман Склярға жүктелді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here