2025 жыл соңына дейін 328 ауыл спутниктік интернетке қосылады

0
48

Үкімет басшысының орынбасары Ермек Көшербаев Мәжіліс депутаттарына берген жауабында шалғай ауылдарды интернетпен қамту мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі кезде шалғай елді мекендегі білім беру ұйымдарын интернетпен қамтамасыз етуде «Starlink» спутниктік интернет желісі пилоттық жобасы іске асырылуда. Оның аясында 1 674 мектеп интернетке қосылды.

«Оған қоса ауылдық елді мекендерді жоғары жылдамдықты спутниктік интернетке қосу үшін Еуропалық Одақтан берілетін грант шеңберінде 2025 жылдың соңына дейін 328 ауылдық елді мекендерді спутниктік интернетке қосу жоспарлануда. Оның үстіне байланыс саласындағы «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 2027 жылға дейін 2 039 мектепті қамтитын 3 010 ауылдық елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желісін салу жоспарланған», – деді Ермек Беделбайұлы.

 Еске салайық, Ұлттық білім беру деректер қорының мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда республика бойынша интернет жылдамдығы 95,4% көрсетіп отыр. Талшықты-оптикалық байланыс желісіне республика бойынша 4 650 білім беру ұйымы қосылған, оның ішінде 2 282-сі ауылдық елді мекенде орналасқан мектептер.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here