Азаматтық авиация академиясы авиациялық білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда

0
683

Еуропаға жұмыс сапары аясында Азаматтық авиация академиясының Басқарма Төрағасы – Ректоры Бекен Сейдахметов Германия мен Бельгияда бірқатар ресми кездесулер өткізді. Бұл кездесулер халықаралық әріптестікті кеңейтуге және авиациялық білім сапасын арттыруға бағытталды.

Lufthansa Aviation Training орталығына сапар (Берлин, Германия)

Берлин қаласында авиациялық оқыту саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі — Lufthansa Aviation Training орталығының басшылығымен кездесу өтті. Кездесу барысында ұшқыштар мен авиациялық инженерлерді даярлау, заманауи оқу тренажёрларын пайдалану, сондай-ақ бірлескен тренингтік бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Инженерлік даярлық пен авиация мамандарының біліктілігін арттыру салаларындағы ықтимал ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Неміс тарапы Қазақстанмен және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастыққа қызығушылық білдіріп, өзара тиімді әріптестікке дайын екенін растады. Алдағы уақытта стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қою жоспарлануда.

Lufthansa Aviation Training — жыл сайын азаматтық авиация саласындағы мыңдаған маманды оқытатын, заманауи тренажёрлар мен озық әдістемелерді қолданатын әлемдік деңгейдегі оқу орталығы.

Антверпен Менеджмент білім орталығымен кездесу (Бельгия)

Бельгияға сапар барысында Бекен Сейдахметов Антверпен Менеджмент мектебінің (Antwerp Management School) өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында келесі негізгі мәселелер қаралды:

  • студенттер, магистранттар және профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлығы;
  • тағылымдамалар мен біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру;
  • Air Transport Management және Supply Chain Management бағыттары бойынша бірлескен магистрлік бағдарламалар мен қос диплом жобаларын іске асыру;
  • шетелдік сарапшыларды дәріс пен шеберлік сабақтарын өткізуге шақыру.

Тараптар авиациялық менеджмент пен халықаралық білім беру салаларында әріптестікті дамытуға және бірлескен жобаларда жұмыс істеуге өзара қызығушылық білдірді.

Аталған жұмыс сапарлары Азаматтық авиация академиясының халықаралық байланыстарын нығайтуда маңызды қадам болып табылады және Еуропаның жетекші білім беру және тренингтік орталықтарымен ынтымақтастыққа жаңа мүмкіндіктер ашты. Мұндай кездесулер отандық авиация саласының кәсіби әлеуетін арттырып қана қоймай, Қазақстанды сапалы білім мен мамандарды даярлауға ұмтылатын ел ретінде халықаралық деңгейде оң имиджін қалыптастырады. Академия жаһандық авиациялық білім беру кеңістігіне интеграциялану бойынша белсенді жұмысын жалғастырады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here