ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Мұрат Қадырбек «Жаңа жүйелер. Заманауи қызметтер. Инновациялық шешімдер» тақырыбы бойынша өткен GovHR халықаралық форумына қатысты.
Нұртөре Жүсіп адам ресурстарын басқару жөніндегі сарапшылармен әңгіме барысында үздік тәжірибелерді алмасу, озық технологияны зерделеу және мемлекеттік сектордағы кадрды басқару саласындағы заманауи тәсілдерді әзірлеуде негізгі алаң ретінде форумның маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ мамандарды іріктеу үдерістерін дамытуда инновацияны енгізу жөнінде диалогқа ықпал ететіні айтылды.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет Әділетті Қазақстанды құруда шешуші рөл атқаратынын және оны үнемі жетілдіріп отыру керектігін атап өткен болатын. Бұл кешенді тәсілді – цифрландыруды, кадр әлеуеті мен мотивация жүйесін дамытуды талап етеді. Бүгінгі форум зияткерлік шешімдерді енгізу және адам капиталын басқарудың ашық, икемді және тиімді жүйесін құруда маңызды катализатор ретінде қызмет етеді», – деді Нұртөре Жүсіп.
Нұртөре Жүсіп сонымен қатар кадрлық есепке алудың бірыңғай жүйесін енгізу, мемлекеттік қызметшілерді жалдау, мансабын өсіру және оқытуды автоматтандыру біздегі ақиқи көріністің бір бөлігі екенін атап өтті. Ол кадрды іріктеу мен деректерді талдауда, мемлекеттік тізілімдердің ашықтығын қамтамасыз етуде блокчейнді, қызметтерге қол жеткізуді жеңілдетуде цифрлық сәйкестікті, сондай-ақ оқыту мен біліктілікті арттыруда VR және AR-мен қоса мемлекеттік жүйе жасанды интеллекті пайдалануда озық технологияны сынау алаңына айналуы тиіс екенін атап өтті.
«Біз технологияларды енгізу жылдамдығы мемлекеттік басқарудың тиімділігіне және азаматтардың өмір сүру сапасына әсер ететін қарқынды өзгерістер дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Жаңа формациядағы мемлекеттік қызметкер – ол салалық білімді цифрлық дағдымен, креативті оймен және жобалық ортада жұмыс істеу қабілетімен үйлестіретін кәсіби маман. Кадрлық әлеуетті дамыту біздің басымдығымыз болып қала береді, өйткені ол мемлекеттің нәтижелі трансформациясын қамтамасыз ететін мықты ұжым», – деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.