Жетісу университетіне Наталья Борсенко атындағы білім гранты табысталды

0
557

Талдықорған қаласында ҚР Құрметті журналисі, Талдықорған қаласының Құрметті азаматы, облыстық «Жетісу» телеарнасының негізін қалаушылардың бірі Наталья Борсенконы еске алуға арналған кеш өтті.

Іс-шара барысында марқұмның ұлы Максим Ноженко І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің болашақ бір студентіне Наталья Борсенко атындағы арнайы білім грантын табыстайтынын мәлімдеді. Ол грант сертификатын университеттің Басқарма мүшесі, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры Болат Сериевке тапсырып, бұл грантты «Журналистика» мамандығын таңдаған талантты талапкерге беруін өтінді.

Өз сөзінде Болат Сериев Наталья Борсенконың Жетісу университетінің мақтан тұтар түлегі екенін атап өтті. Сондай-ақ, оның журналистика саласына сіңірген еңбегіне тоқталып, еске алу кешін ұйымдастырушыларға және марқұмның ұлына алғыс білдірді.

Аталған білім гранты – байқау негізінде, оқу үлгерімі үздік, шығармашылық қабілеті жоғары әрі қоғамдық өмірге белсенді араласатын талапкерге табысталатын болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here