ҚазҰАЗУ ғалымдары бельгиялық агротехнология тәжірибесі мен трансфертін зерттейтін болады

0
1694

24 қарашада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне Бельгия Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Анри Вантигем және Валлон экспорт және инвестициялар жөніндегі агенттігі бас директорының кеңесшісі Шанталь Де Бле (AWEX)  бастаған делегация келді.

Сондай-ақ, делегация құрамында FIT агенттігінің Орталық Еуропа елдері бойынша өңірлік директоры Барт Ван ден Бош, Валлон агенттігінің ЕурАзЭҚ елдері бойынша экспорт және инвестициялар жөніндегі өңірлік менеджері (AWEX) Александра Тонких, Қазақстандағы Бельгия Корольдігі елшілігінің сауда-экономикалық кеңесшісі Айжан Мұсақанова, Эно провинциясының Агрономия және агроөнеркәсіп халықаралық орталығының (СARAH) агрономия жөніндегі менеджері Франсуа Сернэлс, ProAniWal компаниясының бас директоры Паскаль Леруа бар.

Сапардың мақсаты – екіжақты өзара тиімді ынтымақтастықты орнату және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы бірлескен ғылыми инновациялық жобаларды іске асыру.

Бельгия – халықтың өмір сүру деңгейі өте жоғары, БҰҰ-ның адам дамуы Индексінде 17-ші орынға ие мемлекет.

Шанталь Де Бле ханымның айтуынша, ҚазҰАЗУ ғалымдары Бельгияның ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру жөніндегі тәжірибесін зерделеп, алынған тәжірибені еліміздегі картоп трансфертіне және оның бейімделуіне қолдана алады.

Екі ел арасындағы ынтымақтастық Бельгия Корольдігі 1991 жылдың 31 желтоқсанында Қазақстан Тәуелсіздігін мойындағаннан бастау алады.

Қазақстанның Бельгиямен сыртқы сауда айналымы 2020 жылы 322 млн. долл. (экспорт – 218 млн., импорт – 104 млн.) құрады. Қазақстан Бельгияға: түсті металдар, жүн, тоқыма және тоқыма бұйымдарын, жай емес металдар мен олардан жасалған бұйымдарды, химиялық және онымен сабақтас өнеркәсіп салаларының өнімдерін экспорттайды.

Өз кезегінде Бельгиядан: машиналар мен жабдықтар, механизмдер, электротехникалық құралдар, минералдық өнімдер, оптикалық, фотографиялық және басқа да аспаптар, тоқыма бұйымдары, тамақ өнеркәсібі өнімдері, химия және онымен шектес өнеркәсіп салаларының өнімдері импортталады.

Кездесу барысында сонымен бірге Қазақстан-Бельгия арасындағы жоғары білім беру, ғылыми-зерттеу қызметі мен ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа мүмкіндіктерді арттыру мәселелері талқыланды.

Эно провинциясының Агрономия және агроөнеркәсіп халықаралық орталығының (CARAH) агрономия жөніндегі менеджері Франсуа Сернэлс ҚазҰАЗУ ғалымдарымен ынтымақтастық орнату жөніндегі бастамаларды қолдайтынын және бірлескен жобалар жасау жөнінде өзінің ұсыныстарын білдірдірді. CARAH – фермерлерге озық агротехнологияларды енгізуге көмектесетін коммерциялық емес қауымдастық. Біздің ғалымдарымыздың осы компания мамандарымен ынтымақтастығы Қазақстанда картоп дақылдарын көбейту үшін жаңа агротехнологияларды енгізуге, сондай-ақ фермерлердің құзыретін арттыруға мүмкіндік береді деп санаймын. Егер жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты біздің университеттің басқаруынада екендігін ескеретін болсақ, онда осы бағытта жергілікті ғылыми орталықтардың мамандарымен өзара ынтымақтастықтың тиімділігі арта түсетініне сенім мол.

ҚазҰАЗУ микроклональды көбею зертханасында картопты вируссыз отырғызу материалын шығаруға болады. Сондай-ақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ҒЗИ зертханаларын да осы игілікті іске қосу қажет деп ойлаймыз. Болашақта елімізде картопты өңдеуді жоғары деңгейге көтеру жоспарлануда. Оған оқу орнымыздың білікті ғалымдары да өз үлестерін қосатын болады.

Кездесу барысында ПроЭниВол (ProAniWal) компаниясының бас директоры Паскаль Леруа мал шаруашылығы саласында бірлесіп жұмыс істеу тәсілдерін ұсынып, компанияның мал шаруашылығы саласындағы тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін жеткізді. Оның айтуынша, «ProAniWal» – генетика және мал тұқымын асылдандыру, бағу, азықтандыру, менеджмент, мониторинг, қоршаған ортаны қорғау, маркетинг, ғылыми зерттеулер, кадрларды даярлау және т. б. бағыттар бойынша Валлонияда (Бельгия) мал шаруашылығын дамытумен айналысатын коммерциялық емес ұйым. Сонымен қатар бұл компания жануарлардың парниктік газдар шығарындыларын азайтуының балама жолдарын зерттеумен айналысады.

Кездесу соңында қонақтар Вагенинген институты, Өсімдіктердің микроканалды көбею зертханасы, Агротехникалық және Су Хабтарында, Қазақстан-Беларусь агроинженерлік инновациялық және Қазақ-Жапон Азық-түлік технологиялары орталықтарында, Сүт және сүт өнімдерінің референттік зертханасында болып, ғылыми ізденістердің жетістіктерімен танысты.

Бельгиялық қонақтардың ҚазҰАЗУ базасындағы дамыған ғылыми-инновациялық инфрақұрылым мен ғалымдардың қызметіне жоғары баға бергені қуантады. «ProAniWal», «CARAH» және «AWEX» біздің университетпен мал шаруашылығы, ветеринария, агрономия салаларында ынтымақтасуға ниет білдірді.

Өз сөзінде ҚазҰАЗУ Басқарма төрағасы – Ректор Тілектес Есполов университет өз тарапынан агрокешен саласындағы өнім өндіруді ұлғайтуға ықпалы тиетін барлық бірлескен инновациялық ғылыми жобаларды жүзеге асыруға  барлық жағдайды жасайды деп сендірді.

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here